| 09/12/2025, 09:35 | |
КІТАП – ЕҢ ҚҰНДЫ СЫЙЛЫҚ «Махаббаттың 5 тілі» деген кітапты білесіздер ғой? Гэри Чепмен деген автор жазған. Өте күшті кітап. Кез келген адамға қарым-қатынас психологиясына қатысты осы кітапты ұсынады. Сол кітапта махаббаттың 5 тілінің бірі – сыйлық сыйлау деп жазылған. Махаббат тілі – сыйлық болуы мүмкін. Бұл кезде ол сыйлықты алған соң, өзін қарыздар сезініп соны қайтарғысы келеді. сондықтан кітапты оқиды. Сол арқылы өзінің махаббатын білдіргісі келеді. өйткені сіз оның оқығанын қалап тұрсыз, сол үшін оған кітап сыйладыңыз. «Психология влияния» деген кітап бар еді. Авторы – Роберт Чалдини. Сол кісі себепсіз біреуге сыйлық берудің кереметін айтады. Мысалы, сіз біреуге себепсіз сыйлық берсеңіз, ол кісі риза болғаны соншалық – сіз берген сыйлықтан 2 есе сыйлықты сізге бергісі келіп тұрады және әрдайым сізге көмектесуге дайын болады. Кітап сыйлаған кезде де талғаммен сыйлауды үйренуіміз керек. Бұл да бір этикет, әдеп. Мысалы, сыйлауға болатын кітаптардың төресі – Құран кітап. Бірақ оны діннен алыс жүрген адамға берсең, әдепсіздік болып қалады. Оған дінді тықпалағандай боласың. Ондай адамға бірінші қарапайым кітап сыйлау керек. Ал Исламға қызығып жүрген адамға Құран сыйласаң, дөп түскендей боласың. Мысалы, 2-сынып баласына «Абай жолын» сыйлай алмайсың ғой. Оған «Менің атым – Қожаны» немесе «Балалық шаққа саяхат» деген кітаптарды сыйлаған дұрыс. Ал жоғары сынып оқушыларына терең ойландыратын, миссиясын табуға көмектесетін кітаптарды сыйласаң құба-құп. Кейде біз кітапты сыйлаған адам оны оқымауы мүмкін. Бір жерге қоя салады. Бірақ бір күні ол адамда ішкі ізденіс пайда болады. Бір кезде Құдайды іздеуі мүмкін. Сол кезде оның есіне бағанағы кітап түсіп, сол арқылы сұрақтарына жауап таба бастайды. Ал киім соншалық пайда бермейді ғой. Ол тозып кетуі мүмкін, не кішірейіп қалады. Ал кітаптың өміршеңдігі бар. Сіз кітап алып жатқан кезде, біріншіден, өзіме пайда тигіземін. Екіншіден, келесі кітаптың басылуына ақша жұмсаймын». Егер ешкім кітап алмай қойса, баспа ісіндегі адамдардың ісі дөңгелемейтін еді. Жазушылардың да ағартушылық миссиясы алға жылжымайтын еді. Сол үшін кітапты сатып алу, кітапты сыйлық ретінде сатып алу өте маңызды. Өйткені сіз тек өзіңізге пайда алып жатқан жоқсыз, сіз жақсылық эстафетасын басқаға тапсырып жатырсыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
