Оқырман оралымдары
01/12/2025, 23:24

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Кітап оқыған адамның әрекет ету, етпеуі адамның өзіне байланысты. Әрекеттің сапасына, нақтылыққа, жоспарлау жұмыстарына ғана кітап әсер етеді. Ол осы уақытқа дейін өмірінде қолданып жүргеннің бәрін кітаптан алды десе болады. Мәселен, үлкен мақсаттарды ұсақ қадамдарға бөлу. Ол аудармашы болып «Таң шапағаты» деген кітапты аударған. 230 беттік кітап. Соны қазақ тіліне аударуы керек болды. 1 ай уақыт берілді. Күніне 1-2 бет аударады, жұмысы өнбейді. Әлі 230 бет, әлі 200 бет бар деп көңілі түсе береді. Бірақ кейін 230 бетті 23 күнге бөлді. Күніне 10 бет шығады екен. Осыдан соң ол 230 бетті қалай аударамын деп емес, күніне 10 бетті қалай аударамын деп мақсат қоя бастады. Сөйтіп күнінің алғашқы жартысын аударма жұмысына, қалған жартысын өзіне арнайтын болды. Бұлай жоспарлауды кітаптан үйренді.   

  •  

  Кітап деген – адамның ізденіс жолы. Кітап оқу арқылы адам өз жүрегінің түбіндегі өзіне жақын бір жолды табады. Ол басқа адамды ыңдап әрекет етуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе естігеннің әсері әлсірейді. Ал кітап тереңге тамыр жаяды.  

  •  

Кітап оқитын адам ойланады, ойланған адамда кіап оқуға да ерік-жігер болады. Ерік-жігерін шынықтырады ғой. Демек, өз-өзін қамшылай алады.

  •  

Қай ғалым екенін белгісіз, бүкіл оқыған кітаптарын, жазған кітаптарын чемданға салып, барған жерінің бәрінде арқалап жүреді екен. Сөйтіп, бірде басқа өлкеге бара жатқан уақыта қарақшылар жолығады. Оның бар затын тонайды. Оның кітаптарын ақтара бастайды. Сол кезде ғалым: «Кітаптарыма тиіспеңдерші» дейді. «Неге?» десе, «Бұл менің маңызды кітаптарым. Қанша оқуым керек білім бар» дейді. Сонда қарақшы «Сен қандай ғалымсың өзі, өзің жазғандарыңды өзің білмейсің бе?» деп күледі. Содан кейін ғалым оқығанының бәрін жадына сақтап алады. Былай айтқанда, арқалап жүрген физикалық білімнің барлығын интеллектуалды түрде миына сақтайды. Одан кейін кез келген уақытта шешеім шығару, үкім шығару деген істерде миындағы сандықты ашып әрекет ететін болады.

  •  

Рахатың үшін де оқы, әрекет ету үшін де оқы, әрекет етіп жүрсең де оқы, кейде әрекет етпеу үшін де оқы. Өйткені кітап оқу – жақсы амал. Жақсы болғаны үшін де өте пайдалы. Сені ешқандай әрекетке шақырмаса да, сенің миың үшін өте пайдалы нәрсе ғой. Сол пайда үшін де оқы.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: