Оқырман оралымдары
25/11/2025, 09:00

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Ол кітапты тірі автормен сұхбаттасып отырғандай оқитын адамдарды біледі. Кітапты қалай оқу керек деген сұрақтың жауабы – бір адаммен сұхбаттасып жатқандай оқу. Яғни, сен біреумен кездесетін болсаң, сұхбаттасатын болсаң, онымен кездесу уақытын белгілейсің ғой. Мысалы, «Мен таңертең сағат 9:00-да сізбен кездесемін, Наполеон Хилл мырза. Біз осы кабинетте отырамыз. Телефонның бәрін өшіріп тастаймын. Мен сізді тыңдауға дайынмын». Бұл жерде 1-ақ адам сөйлейді. Кітапты оқып жатып шетіндегі ашық тұрған жиегіне өз пікірін қалдырып кетеді. «Наполеон мырза, мен сізбен осы тұста келіспеймін. Нәке, қатты кетіп бара жатырсыз» (күлді) дегендей. Ол оған қатты қызығады, бірақ өзі әлі істей алмай жүр. Жазу арқылы кітапты сұхбат алаңына айналдырып жібересің де, соның әсерінен кітаптағы ақпараттар одан сайын жақсы есте қала ма деп ойлайды.   

  •  

  Жұмыс уақытынан тыс кезде әдеби кітап оқығанды жақсы көреді. Қазір «Москва түбіндегі шайқасты» оқып жатыр. Кітапты оқыған уақытта Бауыржан Момышұлымен кәдімгідей сұхбаттасқандай болады. Ол құр соғысты айтпайды. Ол жерде солдаттың психологиясын айтып отырады. Кітапты оқып отырған уақытта «Мен осындай жағдайда мынадай әрекет жасай алар ма екем, окоптан шығуға батылым жетер ме екен» деп ойланып қалады.  

  •  

Кейбір оқырмандардың кітапты өзіне қатысты емес үшінші жақтан оқитынын байқайды. Ал кітапты қалай оқу керек деген сұрақтың бір жауабы – «Мына кітап маған қатысты, маған қатысты нәрселер айтылып жатыр» деп оқу. Кітапты оқып жатқанда өз өміріңнен мысалдарды есіңе түсір. Пайдасыз кітап болмайды, пайдасыз сұрақ болады, пайдасыз мәселе болады.

  •  

Кітапты шабыттанып оқу керек екен. Кейде кітаптардың арасында байланыс көреді. Бауыржан Момышұлының кітабында 17-18 жасар қазақ жауынгер жігіт жүгіріп бара жатады. Жүгіріп бара жатқан кезде минаның жарықшағы қолын кесіп өтті дейді. Сол уақытта оның бір қолы салбырап қалады. Ал жүгірген уақытта жауынгерлерге кедергі жасайды. Сөйтіп жауынгер ызаланып қоын жұлып алып лақтырып жіберді дейді. Дәл осы оқиғаны «Саңлақ сахабалар» кітабынан да оқыған болатын. Соғыс кезінде бір кісінің иығын қылыш кесіп кетеді. Ол жүгінген уақытта қолы далақтап оған кедергі келтіргендіктен қолының ұшын аяғымен басып тұрып жұлып алады. Қолын лақтырып жіберіп ары қарай ұрысқа жүгіріп кетеді екен. Осы оқиғаны оқыған уақытта адамға үлкен рух сыйлайды. Тәніңнің емес, рухыңның потенциалы көрінеді. Сол үшін кез келген кітапты шабыттанып, өзіңді бас кейіпкердің орнына қойып оқуың керек. Сол кезде кітап үлкен әсерін береді. Оның жасаған жақсылықтарын сен де жасағың келеді. оның бас тартқан жаман әдеттерінен сен де арылғың келеді.

  •  

Джек Лондонның жабайы тайпаның өкілі туралы «Тектік сарын» деген кітабы бар. соңында кейіпкер жараланады, өледі және төбеге қарап қолын созады. Кейін қолы кеудесіне түсті деп суреттейді. Сөйтіп қайтыс болады. Кітаптың оған әсер еткені соншалық – диванда жатқан жерінен аунап жерге түсті де, жарыққа қарап қолын созды. Ұзақ қарап жатып қолын кеудесіне түсірді. Сол сәт кітаппен бір сиқырлы байланыс орнаған сәт болды. Содан бастап «кітап менің өмірім» және «кітапта болып жатқан өмір менікі» деп қарай алатын болды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: