Оқырман оралымдары
17/11/2025, 23:52

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Көпшілігі адам жылдам оқыған кезде аз түсінеді деп ойлайды. Бір қызығы: біздің ата-бабамыз жауға шауып жүрген уақытта батыста жылдам оқу институты пайда болған. Ойлап көріңізші, олар сол заманда осы тақырыпты зерттеген. Негізі, жылдам оқу әдісі әскерде пайда болған. Аз уақыттың ішінде көп ақпаратты тез сіңіре біліп жаудың әрекетін алдын-ала болжап отыру үшін ойлап тапқан. Сөйтіп көп зерттеулер жүргізген, қорытындылар жасаған. Адамдар жылдам оқыған сайын көбірек түсінеді дейді. Яғни, жылдам оқыған уақытта концентрацияң артады, сен бір сөзді болсын жіберіп алмауға тырысасың. Ал баяу оқыған уақытта сенің ойың жан-жаққа шашырайды. Қорықта мал бағып жүрген сияқты қойың қорықтан кез келген уақытта өтіп кетуі мүмкін.   

  •  

  Кітапты неғұрлым жылдам оқуға тырысу керек. Бірақ бұл жерде кітаптың түрлеріне назар аудару керек. Мысалы, философиялық, мағынасы ауыр Толстойдың, Достоевскийдің кітаптарын, «Абай жолы» деген секілді кітаптарды судыратып жылдам оқи алмайсың. Тұлғалық даму, мотивациялық, тілі жеңіл әдеби кітаптар, детектив, романдарды жылдам оқуға болады. Жылдам оқыған сайын ойың сенімен бірге жарысып отырады. Бір қызығы: кітапты оқыған уақытта біздің көзіміз емес, мидың қарақұс бөлігіндегі шүйде бөлігі оқиды. Ал көзіміз тек камера ғана. Терезеден далаға қараймыз ғой. Сол сияқты миымыз көзден келген ақпараттардың барлығын пазл ретінде құрастырып алады. Бәрін түсініпо тырады. Біздің көзіміз де, миымыз да әлемде теңдесі жоқ органдар. Потенциалы өте көп. Біз соның ақысын беріп қолдануымыз керек. Ал олардың ақысы тек жылдам оқу арқылы ғана жүзеге асады. Және қазір кітап деген өте көп. Ақпарат деген өте көп. Ал біз оны жылдам оқымасақ, көптеген пайдалы нәрселерден мақұрым қалып қоямыз.  

  •  

Бізде мектептен қалыптасып қалған әдет бар. біз дауыстап оқимыз немесе дауысымыз шықпаса да іштен дауыстап оқимыз. Ойымызбен ежелеп немесе тіліміз қозғалып отырады. Мұны бізге мектепте үйретті.

Ары қарай көзбен оқуға болатынын бізге ешбір мұғалім айтпады. 2000-ға жуық адаммен тренинг жасаған уақытта байқағаны – барлығының оташа жылдамдығы минутына 150 сөз.

  •  

Дауыстап оқыған адам максимум 150-200 сөз ғана оқи алады. Олардың көпшілігі көзбен оқу дегенді білмейді. Айтар кеңес – дауыстап оқымаңыздар, іштей де дауыстап оқымаңыздар. Тек қана көзбен оқыңыздар. Енді сіз 20-30 жыл бойы әбден дауыстап оқып үйреніп қалдыңыз, бірден көзбен оқу қиын болады. Мысалы, сізге 10 мың теңгенің банкнотын көрсетсе, сіз оны ОН МЫҢ ТЕҢГЕ деп оқымайсыз ғой. Суретке қарадыңыз, бірден 10 мың теңге екенін көрдіңіз. Сол секілді біздің көзіміз мәтінді суретке түсіреді. Сол кезде жылдамырақ оқи аламыз.

  •  

Регрессиямен оқу деген нәрсе бар. мысалы, «Абай жолын» оқып келе жатасың. Басында медреседен қайтып келе жатады. Сосын ойың бөлініп кетеді. Бір қарасаң, ол әкесімен амандасып жатады. Қалай бұл жерге келіп қалғаныңды білмейсің. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адам түсінбей қалған сияқты болса да, кері қайтпай, ары қарай оқуды жалғастыра беруі керек екен. Адам ары қарай мәнмәтіннен (контексттен) түсініп алады. Ол жерде жоғалту 1-2% ғана болады. Сол үшін кітап оқу барысында бір жерін түсінбей қалсаңыз, ары қарай жалғастырып оқи беріңіз. Артқа қайтудың қажеті жоқ. Ол өте зиян нәрсе. Сіздің концентрацияңызды, қалауыңызды бұзады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: