Оқырман оралымдары
11/11/2025, 08:51

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Егер кітап оқысаң, сенің менталды энергияң қосылады. Ол азайғанда физикалық жаттығумен айналыссаң болады. Жалығу сезімі – ол бір сигнал. Бұл сенде энергия азайды деген сөз. Сол сәтте сен энергияңды зарядтап үлгеруің керек. Оның энергиясы толы болатын уақыт – 15 минут. Ол уақытта ол 10 бет кітап оқиды екен. Логикаға салсақ, ол 30 минут қатарынан оқыса 20 оқуы керек қой. Бірақ олай болмайды. Мысалы, ол кітапты 30 минут тоқтамай оқыса, өзін қинайды, сол себепті кітаптан көп ақпарат ала алмайды. Демек, 100 беттік кітапты ол 10 рет отырғаннан бітіре алады. Сонда барлығы 150 минуты кетеді. 150 минут деген 2 жарым сағат. Сонда 2 жарым сағатта ол 100 бет оқып тастай алады деген сөз. Бірақ таңертең 2 жарым сағат отырып 100 бет оқып тастаймын десе оған қиын. Өйткені энергияның азаюы бар. Сондықтан 100 бетті бірден емес, аз-аздан 10 минуттарға бөліп оқуы керек.   

  •  

  Адамның ұйқысы келетіні де осыдан. Ол адамдардан «Кітап оқығанда кімнің ұйқысы келеді?» деп сұрағанда шамамен 80%-ы қол көтереді. Мұның бірінші себебі – адамдар көбіне кітапты ұйықтар алдында оқиды. Ал ол уақытта онсыз да адамның биоритмі ұйқыға шақырып тұрады. Қараңғы түссе, мелатонин гармоны бөлінеді, бірден адамның ұйқысы келеді. екіншіден, адамдар үзіліс жасамай оқиды. Өздеріңіз білетіндей мектепте 45 минут сайын үзіліс болады. Не үшін өйткені сабақтан алған ақпаратты қысқа мерзімді жадыдан үлкен мерзімді жадыға өткізу керек. Ол уақытта ми үзіліс сұрайды. Егер миға үзіліс бермесек, кітапты тоқтамай 1 сағат оқи берсек адамның ұйқысы келеді. ұйқының кезінде ми есіктің алдында тұрған заттардың бәрін қоймаға қойып шығады. Мысалы, ұйықтардың алдында бір тақпақты жаттайсың, ұйықтап тұрғаннан кейін оп-оңай жатқа айтып бере аласың ғой? Өйткені ми оны ұзақ мерзімді үлкен жадыға сақтап қояды. Сол үшін кітапты помидор әдісі арқылы оқу керек. 25 минут оқып, 5 минут демаласың.

  •  

Бір кітап қолымызға түсті. «Мынау кітаптан мен қазір не алайын деп жатырмын?» деген сұрақ та біздің энергиямызды, фокусымызды бір жерге шоғырландырады. Кейде біз сұрақ қоймаймыз. Сөреден бір кітапты ала саламыз. Болды. Бірақ бір сұрағымның жауабын тауып қалам-ау, болмаса сөздік қорымды арттырайыншы деп оқу керек. Кітапты оқу алдында, әйтеуір, бір ниет болу керек. Сол кезде кітаптан алатынымыз да көп болады.

  •  

Айталық, қолыңызға пайдасыз бір кітап келіп қалды. Мамандығыңызға да қатысы жоқ, қызық емес. Оны досыңыз сыйлады дейік. Негізі, бастап қойған кітапты соңына дейін жеткізу міндет емес. Біздің ғұмырымыз өте қысқа. Жылына 100 кітап, аптасына 2 кітап оқығанның өзінде 100 жыл өмір сүрсек, бар-жоғы 10-ақ мың кітап оқимыз. Ал гуглдің есептеуі бойынша, әлемде 140 миллионнан көп кітап бар. ғұмырымыз өте қысқа, ал оқитын кітаптарымыз өте көп. Пайдасыз бір кітапты оқып уақыт құртудың қажеті жоқ.

  •  

Бір кәсіпкер ағамыз бір сұраққа бас қатырып жүреді. Сөйтіп бір кітапты сатып алады. Шетелден алдыртқан болуы керек. Кітапты ашып алғашқы сөйлемін оқи бастағанда өзінің бас қатырып жүрген мәселесінің жауабын тапқан. Ары қарай кітапты оқымай жауып қоя салған. Оның ойлап жүрені миллион доллардың мәселесі болуы мүмкін, ал кітапты 5000 теңгеге алды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: