Оқырман оралымдары
04/11/2025, 08:45

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Күн сайын өзіңе қызық тақырыпта кітап оқып отырсаң болғаны. Мысалы, футбол көрген кезде уақыт тез өтеді, әрі өзің рахаттанасың ғой. Сол секілді кітапты өзің қызығып оқысаң, уақыт деген мәселе болмайды. Мысалы, ешкім Тикток-қа арнайы уақыт бөлмейді ғой. Тикток-та уақыт қызықты өтеді. Әрине, бос өтіп жатыр, бірақ ішіндегісі қызық. Дәл сол секілді кітапқа кететін уақыты қызықты етсең, арнайы уақыт бөлу, өзіңе есеп тапсырып отырудың керегі болмай қалады. 

  •  

 Бір лайфхак айтайық: адамдар көбінесе «Кітап оқи алмаймын, уақыт таппай жатырмын, бастаймын, қызық емес болып кетеді» деп айтады. Дәл осындай адамдар үшін күшті амал бар. ең бірінші, «Бүгін мен кітап оқимын» деп емес, нақты мынанша бет оқимын деп мақсат қою керек. Мысалы, сіз 300 беттік кітапты қанша уақытта оқып бітіргіңіз келеді? 30 күнде бітіремін десеңіз, күніне 10 беттен оқуыңыз керек.  

  •  

Ми бір істі бітіргенді жақсы көреді. Ал кітапты оқып бітіру деген үлкен іс. Яғни, бір ай бойы ол істі бітіре алмай жүреді. Ол миды қинайды. Ал күніне 10 бет оқу – оңай іс қой. 10 бет оқиды да, ми істедім деп дофамин бөледі. Өзін керемет сезінеді. Сөйтіп басқа шаруасына көше береді.

  •  

Кітапты оқуда сылтаулар көп: «Уақыт таппаймын» немесе «Уақыт бөлмеймін» дейді. Жарайды, уақыт бөлдің, бірақ уақыттан басқа да нәрсе бар. ол – энергия. Өткен жолы бір жігіт «Мен 1 айда 7 кітап оқыдым» дейді. «Мұның сыры неде? Сен жылдам оқу техникаларын үйрендің бе?» десе, ол «Жоқ, мен таңертең таң намазын оқып болған соң, 30-40 минут кітап оқып отырамын. Энергиям сонша уақыт отыруға жетеді. Сол уақытта кітап оқимын. Шамамен 30-40 бет оқимын дейді. 1 минут 1 бет болып тұр. Сөйтіп күніне 40 беттен оқып отырса, 30 күнде 1200 бет шығып тұр. Бұл, шамамен, 7 кітаптың бет саны. Ешқандай құпиясы жоқ» дейді. Қызық, тура сонша уақыт кітап оқи алатын адамдар бар ғой. Бірақ сол 40 минутта 40 бет емес, 10 бет оқуы мүмкін. Кітап оқып отырып басқа дүние ойлап кетуі мүмкін немесе оқып жатқан жерін 2 рет оқуы мүмкін. Осыдан оның түсінгені, адамға көп кітап оқу үшін көп уақыт керек емес екен. Көп энергия керек екен. Жаңағы жігіт кітапты таңертең оқиды. Ал ол кезде энергия толы болып тұрады. Сол үшін ол ештеңеге фокусын бұрмай кітаптың 40 бетін оқи алады. 1 айда 7 кітап оқу деген керемет қой. Осыдан ол мынадай тұжырым жасады: Кітап оқысаң, энергияң толы күйде оқы. Кейде кешке шаршап тұратын, энергияң 50-40% ғана болатын кездер болады. Қанша жерден өзіңді қинасаң да, бұл кезде сен өзіңе қажет бет санын оқи алмайсың. Ал енді энергияны қалай өлшейміз? Қашықтықты километр, метрмен өлшегендей, салмақты килограмм, граммен өлшегендей, энергияны да процентпен өлшеуге болады екен. Процентін қалай білесің? Мысалы, сен кітап оқып отырсың. Сен 5 минут, 10 минут, 15 минут оқыдың. Қанша минуттан кейін сенде жалығу сезімі пайда болады? Басқа жаққа қарағың келіп кетеді. Сол кезде сенің энергияңның көрсеткіші 70%-ға төмендеді деген сөз. Демек, сен осы кезде тоқтауың керек. Ары қарай энергияға толы күй болып саналмайды. Сенің ары қарай оқуың – өзіңді қинауың болып кетеді. Ол өзінің энергиясы қанша уақытқа жететінін есептеп көрді. Таймер қойды, кітап оқыды. Былай қарасаң, өзіне керек қызықты кітап. Бірақ соның өзінде 15 минуттан кейін оның бір жаққа қарағысы келіп, басқа нәрсеге назар аудара бастады. Демек, оның энергиясының өлшемі – 15 минут екен. Сол сияқты әркім өзінің менталды энергиясын есептей алады. Кітап оқып қанша минуттан кейін жалығу сезімі пайда болады? Бастапқыда 5 минут болуы мүмкін, 1 минут болуы мүмкін, ештеңе етпейді. Ол ақырындап өсе береді. Бәлкім, ол анау жігіт сияқты таңертең оқымаған шығар, кешке оқыған шығар. Бұл жерде уақыты дұрыс таңдау керек.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: