Оқырман оралымдары
20/10/2025, 22:23

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Кітапты қалай оқимыз? Мынадай бір жақсы сөз бар: «Дұрыс нәрсе істеу керек және дұрыс нәрсені дұрыс істеу керек». Кітап оқу – сөзсіз дұрыс нәрсе. Кітап сені жетістікке жеткізеді, сенің көзіңді ашады. Бірақ осы нәрсені біз дұрыс істеп жүрміз бе, жоқ па? Мысалы, ол кейде мына нәрсені сұрайды: «Тіс тазалуды білесіз бе? Тісті дұрыс тазалаудың жолын кім айта алады?» десе, «Білеміз» дегендей болады. Қолдарын имене көтереді. Бірақ анықтап сұраса, тіс тазалаудың дұрыс техникасын толық білмеген болып шығады. Дәл сол секілді біз өмірде көптеген қарапайым істерді дұрыс емес жасап жүрген болумыз мүмкін. Соның ішінде кітап оқу бар. Мысалы, «Мен кітап оқимын. Бірақ жалығып кетемін. Ұйқым келеді. ішім пысады. Кітаптан көп пайда алмаймын» деп айтып жатады. Осы сұраққа біз жауап іздеп көрейік. Яғни, кітапты қалай дұрыс оқу керек? Бәлкім, бүгінгі ақпараттардан соң біздің оқырмандардың кітап оқуда тиімділігі арта жатар. 

  •  

 Ол көбінесе әр жерден ұнап қалған кітаптардың тізімін жасап жүреді. Элетронды болса, жүктеп алады. Өйткені көп жерде еркін кітап оқитын мүмкіндік болмайды. Ұшақта не автобуста, таксиде оқу тура келеді. сондай кезде оқитын кітаптар тізімі бар. Олар әртүрлі жанрда. Оған әртүрлі жанрдағы бірнеше кітапты бір мезгілде оқыған ұнайды. Сол кезде оның іші пыспайды, қызық болады.  

  •  

Егер сен жоғары деңгейлі ғалым болсаң, бір тақырыпта бірнеше кітап оқуың керек, тақырыпты жан-жақты білуің керек. Ал қарапайым оқырман ретінде бір мезгілде бірнеше тақырыптағы кітаптарды оқу өте пайдалы. Өйткені адам бір кітапты оқып отырып жалығады. Әдеби кітап оқып отырып жалыға бастаған уақытта мотивацияға ауыссаң болады. Егер одан да біраз ойың шашырай бастаса, психологияға өтіп кетсең болады. Зейін дегеніміз 2 түрлі режимде жұмыс істейді ғой: біреуі – шашыранды, біреуі – шоғырланған режим. Көптеген жаңалықтар зейіннің шашыранды кезеңінде ашылған. Архимедтің заңы болсын, Менделеевтің кестесі болсын. Мысалы, маркетингке байланысты кітап оқып жатса, миы шоғырланған режимде жұмыс жасайды. Сол кезде бір проблемаға жауап таппауы мүмкін. Бірақ әдеби кітап оқыған миы шашыранды режимде жұмыс жасайды. Маркетингке байланысты мәселенің шешімі осы әдеби кітап оқып отырған уақытта келеді. сол үшін кез келген адам кітапты араластырып оқыса, осындай пайда алады.

  •  

Ол кітап оқуға күнделікті арнайы бір уақытын бөледі. Өзінің қағидалары бар. жалпы ол өз өміріне қағидалар енгізіп қойған. Сол қағидалардың бірі – «Сен күніңнің алғашқы 3 сағатын неге арнасаң, сол нәрсе үшін қызмет етесің». Сондықтан ол ұйқыдан тұрғаннан кейінгі 3 сағатын өзіне, өзінің болашағына ықпал ететін нәрселерге арнайды.

Таңертең 1 сағата оқуға тырысады. Жұмысқа кіріспес бұрын, 1 сағат оқуға болады. Себебі адамның зейіні сағат 11 жарымға дейін ұшқыр. Егер адам орта есеппен таңғы 6-да оянатын болса, оның 11 жарымға дейін ең қиын істерді орындауға күш-қуаты жетіп тұрады.

Кітаппен әлі достасып үлгермеген адамдарда «Мен кітапты бос уақытымда оқимын» деген ой болады. Бернард Шоудың: «Мен кітапты бос уақытыда оқымаймын, мен кітапқа арнайы уақыт бөлемін» деген сөзі бар. Егер сен қазір кітап оқуға уақыт бөлмесең, ертең өмір сүруге уақытың болмайды. Кітап деген өмірдің бір бөлігі ғой.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: