| 14/10/2025, 11:55 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Әркімде өмірдің мәні әртүрлі болуы мүмкін: біреуге баласы, біреуге жұмысы, біреуге асыл тұқымды жылқысы. Мысалы, Виктор Франкл деген жазушының концлагерьде өмір сүруіне түрткі болған нәрсе, өмірінің мәні болған нәрсе – жазылмаған кітабын жарыққа шығару. Фашистер оның қолжазбасын өртеп жіберсе де, кітапта жазылған нәрселерді ойша қайталап жүреді. Концлагерьден аман шыққан уақытта толық құрастырып жазып шығады. Оқырманның алдында таңдау көп. Қаласа, Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқысын, қаласа, психологтардың кітабын оқысын. Виктор Франклдің өміріне қатысты қоса кетейік. Ол концлагерьге түскенде отбасы мүшелерінің бәрі қайтыс болады. Бала-шағасы, әйелі, ата-анасы да қайтыс болады. Тек жалғыз өзі қалады. Тек ғылыммен айналысқаннан кейін әлжуаз, денсаулығы да нашар, физикалық тұрғыдан да аса мықты емес. Бірақ концлагерьде жатып спортпен айналысқан небір мықты жігіттердің өзін-өзі өлтіріп жатқанын көреді. Сонда «Бір адамдарды өлтірмей ұстап тұратын, ал басқаларды аз қиындыққа шыдамай өмірден баз кештіретін не нәрсе?» деп ойланады. Сол кезде өмірдің мәні туралы ойлана бастайды. Ғылымда мән – «логос» деп аталады. Сөйтіп ол «Логотерапия» туралы кітапты жазып шығады. Сол ілімді басқаларға жеткіземін деген алдына миссия қояды да, сол бойынша мақсаттарына талпынады. Өткенде бір жігітке қаржылық сауаттылық оқы деп бір кітаптарды ұсынды. Сөйтсе, ол «менің табиғатым ондай емес» дейді. Қарашы, сен кемеде келе жатырсың. Кеме батып кетті. Кемеден тесік шықты. Енді сен жүзуің керек. Сол кезде біреу саған «кел, жүзуді үйретейін» десе, «менің табиғатым ондай емес» деп тұрмайсың ғой. Сенің табиғатың қандай болса да суға түстің бе, жүзуің керек. Ал қаржылық сауаттылық – мына дүниенің негізгі қағидаларының бірі. Сенің табиғатың болсын, болмасын үйренуің керек. Адам соны түсінуі керек. Кей нәрселер бар қалаумен таңдауға болатын. Ал кей нәрселерді міндетті түрде игеруің керек болады. Бенджамин Франклиннің кітабын оқыды. Оның өмірі керемет енді. Кітапта Бенджамин Франклин өзінің күнделікті тамақтану үрдісі жайлы айтады. Оның типографияда жұмыс істейтін ағасы күнделікті 1 жарым сағатқа түскі асқа кетеді. Ол 14 жасында типографияда ағасының қолында жұмыс істейді. Жұмыс күнінде 1 сағатын түсқа бөледі. Түскі асқа 12 доллар береді. Ағасы 1 сағат таныстарымен сыра ішеді. Франклин оған былай дейді: «Сен маған ақшамды бер, мен 1 ай түскі асымды өзім алайын». Сөйтіп күніне ағасынан 12 доллар алады. 12 доллар орнына өзіне 2 долларға түскі ас алады. 1 сағат емес, 5-ақ минут түскі ас ішеді. Қалған 55 минутын типографияда жүріп математиканы, физиканы, жазу-сызуды, сурет салуды үйренуге жұмсайды. Ол кезде жасы 14-те. Сөйтіп 2 жылда білімі ағасынан асып түсіп, жинаған ақшасымен өзі Филадельфияға кетіп қалады. Сол кітапты оқу барысында 2 кг салмақ тастады және тамаққа ең аз ақша құртқан кезі сол болды. Яғни, адам бір кітапты оқып жатқан кезде оны образ ретінде алып, өзінің өмірін сол үлгіге, сол қалыпқа сыйдырады. Сондай қызық. Ол соңғы жарты жылда экономиканы қатты зерттеді. Бүкіл экономика заңдарын оқыды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
