Оқырман оралымдары
07/10/2025, 20:32

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Дүкендер арасында кітап тасушы курьер әріптесі болды. Барахолка деген базарда дистрибьюторының дүкені бар, соған жиі кітап апарады. Әр апарған сайын көлігін автотұраққа қойып, дүкенге кіріп кітапты беріп кететін. Бір жолы автотұрақ кезешкісіне беретін ұсақ ақшасы болмай қалады да, орнына бір діни кітап беріп кетеді. Бір аптадан кейін тағы кітап алып барған уақытта автотұрақ кезекшісі оны танып, «Келші, бауырым, сөйлесейік» деп бірге отырып шай ішуге шақырады. Сөйтсе ол кісі қатты депрессияда жүрген екен. Не үшін өмір сүріп жүргенін білмеген. Өзінің айтуы бойынша, кез келген уақытта бір кішігірім жағымсыз оқиға бола қалса, өз-өзіне қол жұмсауға дайвн жүр екен. Автотұрақта кезекші деген таңнан кешке дейін өзінің лйымен ажлғыз қалып қоятын адам ғой. Былай айтқанда ойлары оны іштей жеп қойған. Іштегі қуысты толтырып тұратын ойлардың бәрі жеке қалып қойғанда оны мазалай берген.

Содан ол біздің жігіт берген кітапты оқиды. Өзін үмітсіз етіп жүрген барлық сұрақтарына жауап табады. Өмірге жаңадан келгендей сезімде болған екен. «Жаңа адам болдым, өмірлік миссиямды таптым. Құдайды таптым. Бауырым, енді әр келген сайын тұрақ ақысының орнына маған кітап беріп тұр» дейді. Бір жағынан Құдайдың шеберлігі – үмітсіз жүрген адамға үміт сыйлайтын кітапты берді.

Біздің еліміз – суицидтен әлемде алғашқы жиырмалыққа кіретін мемлекет. Бұл өте үлкен проблема. Әсіресе, жастардың арасында өмірмен қош айтысатындар көп. Адамның депрессисын жеңетін және суицидтік ойларды жоя алатын кітаптарды жазып шығару өте маңызды. Ол жаман әрекетке адам не үшін барады? Не үшін өмір сүріп жүргенін білмеген кезде барады. Яғни, өмірдің мағынасын жоғалтып алған кезде.

Сүйген қызымен ренжісіп қалса, сөгіс берсе немесе ата-анасы ұрсып берсе де, ондай әлсіз жастардың жалғыз әрекеті – өз өмірін қию арқылы өзін маңызды сезіндіру. Бірақ сен бір рет өлдің, бітті. Одан кейін өзіңді маңызды сезінесің бе, жоқ па, мәні қалмайды. Ал кім өзінің өмір сүріп жүрген мақсатын білсе, оған ешқандай кедергі жоқ. Табиғат апаты болсын, адамдардан еститін жаман сөздер болсын, оны тура жүріп бара жатқан бағытынан бұрып жібере алмайды. Сол үшін ол өмірдің мән-ағынасын үйрететін кітаптарды оқудан бастау керек деп айтар еді.

  •  

 Жасы он жетіге толғанда Алматыға оқуға келді. Осы қалада қолына «Адамзаттың асыл тәжі» деген кітап түсті. Соңына жеткенше бас алмай оқыды. Алғашқы беттерін оқи бастаған уақыттан-ақ өзінің өміріне үлгі тұтатын адамды тапты. Ол – біздің Пайғамбарымыз мұхаммед мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Сол кісінің өмірін оқып отырып, өзінің өмірлік миссиясы қалыптасты. Сол кітаптан кейін басында ешқашан депрессияға алып келетін ой тумады. Біз проблема деп санайтын нәрсенің мәні қалмады.

Пайғамбарымыздың өміріне қарап отырса, қиыншылықты көп көріпті. Өмірге келмей тұрып әкесі жоқ, дүниеге келгеннен кейін анасы қайтыс болды. Одан кейін атасының қолында өмір сүрді. Атасы да о дүниеге аттанды. Сосын көкесінің қолында өсті. Ол да көп ұзамай бақиға кетті. Бірнеше қыз туып берген, байлығы асып тасыған әйелі бар еді, оның да көз алдында дәм-тұзы таусылды. Әйелінің бүкіл байлығы, өзінің бүкіл қуаты Ислам жолында сарп етілді. Фатимадан юасқа әлпештеп өсірген әрбір қызы көзінің тірісінде қайтыс болды. Ойлап қараңызшы, уған балаңыздың өліміне куәгер болу деген өте ауыр нәрсе ғой. Ұл балалары шетінеп кетті. Ол – ол ма, өзінің туған жерінен жерлестері қуып шықты. Дәл сондай қиындықты ешкім көтере алмас еді. Өмірде адамды тура жолдан тайдырып жіберетін, депрессияға түсіретін қандай тауқымет болса, бәрін сабырмен көтеріп, өзінің дұрыс жолын үлгі етіп көрсетіп кетті. Осы кітапты оқыған уақытта адамда бірде-бір сұрақ қалмайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: