| 30/09/2025, 09:19 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Адамда мәдениет деген болады. Сізге бұрын ашылмаған есіктер сіз мәдениеті сөйлеуді үйренгенде ғана ашыла бастайды. Енді ойлаңыз, кітап оқып мәдениетті сөйлеуді, мәдениетті жазуды үйренген адамдарға мүмкіндіктер есігі ашыла береді. Одан артық қандай пайда бар?! Бізде зейіннің 2 түрі бар: біреуі – шашыранды, біреуі – шоғырланған. Көптеген жаңалық шашыранды режим кезінде ашылған: Архимедтің заңы немесе Менделеевтің кестесі деген секілді. Өзінен байқағаны, әдеби кітап оқыған уақытта миы шашыранды режимде тұрады. Яғни, сол уақытта миы демалады. Күні бойы таппай жүрген проблеманың шешімі сол кітап оқыған уақытта миына сап етіп түседі. Сол үшін кітаптарды араластырып оқыған өте пайдалы. Кітаптың пайдалары ұшаң-теңіз. Оған қатты әсер еткені – образ. Мысалы, ол Бенджамин Франклиннің кітабын оқыған кезде іштей Бенджамин Франклин боп жүреді. Мынадай сөз бар «Саған сен оқыған кітап авторының мінезі жұғады» деген. Себебі автор өзінің ойлау стилін, пікір қалыптастыру алгоритмін қағаз бетіне түсіреді. Сен оны оқу арқылы өзіңе сіңіресің. Адам бақытты болу үшін жаралған дейміз. Сен өз қажеттеріңді өтеп, қалауларыңды орындай алсаң, бақыт деген сол емес пе? Бақытқа жетелейтін мықты құралдардың бірі – кітап. «Қандай кітап оқуға кеңес бересіз?» сұрағы жауап табу. Бұл сұрақты біз жиі естіп жатамыз... Әрдайым «ТОП КІТАП дегендерге ұмтылмаңыздар!» деп айтайық. Өйткені адамның дүниетанымы үлкен бір пазл сияқты. Әлем картасындағы ТОП елді тап десе, таба алмайсың ғой. Әр елдің өз ерекшелігі бар дегендей. Ал тек 3 елді қалдырсаң, онымен әлем картасы жасалмайды. «Қандай кітап оқуға кеңес бересіз?» деген сұрақтың жауабын амалға айналдырмаған адамдарды байқайды. Кейде кітаптың жай ғана атауын оқудың өзі миға оқылған кітап ретінде әсер береді. Екіншіден, адамды жеке танымаған соң дұрыс кітапты ұсыну қиын. Ол аурудың емін сұрап келіп тұрған адам сияқты ғой. Сен оған мынаны оқы деп айтсаң, оның жарасын емдемеуі мүмкін. Кітаптарды екіге бөлген болар еді: дәрі кітаптар және витамин кітаптар. Яғни, кейбір кітаптар дәрі сияқты болады. Оған жауап табу мақсатында ғана дәрі кітаптардың бірін тауып оқисың. Бірақ ары қарай оқудың қажеті жоқ. Өйткені ауруыңның айыққан соң ол кітаптың саған пайдасы болмайды. Мысалы, көзің не мұрның ауырады. Антибиотик қабылдайсың, емделген соң оны қайтадан қабылдау орынсыз ғой. Сол сияқты дәрі кітаптары қайталап оқудың еш пайдасы жоқ. Екінші кітаптар – витамин, БАД кітаптар. Оны қанша қабылдасаң да артық етпейді. Ол сенің энергияңды ұстап тұру үшін, сергек жүруің үшін керек. Қазір сенен «Қандай кітап оқуға кеңес бересің?» деп сұраса, ол витамин кітаптарды ұсына береді. Оқысаң да өкінбейтін бәрі оқуы керек кітаптар. Оның ауруына ем бола алмайтын кітаптарды ұсынып қоймас үшін алдымен оның ауруын сұрау керек. «Қандай мәселең бар, нені шеше алмай жүрсің?» деп сұрап, содан соң оған бір кітапты ұсынсаң, оның жанды жеріне тиеді. Енді сіздерге сұрақ: Сіз қазір қоғамда қандай проблема көріп жүрсіз? Егер ол сізді алаңдатса, басқаларды да алаңдатып жүр деген сөз. Сіз сол проблемаларды айтып көріңізші. Соған қарай кітаптарды ұсынып көреді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
