Оқырман оралымдары
23/09/2025, 09:42

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Кітап – адам баласына әсер етудің сенімді әрі жылдам жолы. Енді сіз өз санаңызға не кіргізіп жатқаныңызды білуіңіз керек.

  •  

 Санамызға не кіргізіп жатырмыз дегеннен шығады. Біз әлеуметтік желіде түрлі посттар оқимыз ғой. Бұл кітап па, кітап емес пе? Қалай айтсақ болады?

Бұл кітап ретінде саналмайды. Өйткені ол жердегі ақпарат бәрібір есте қалмайды. Сен бір пост оқыдың, келесі ақпаратқа ауыстың, фокусың өзгерді. Ал миың қайтадан бәрін жаңадан бастайды.

  •  

Бір қызық жері – ол тек кітаптан оқыған кеңестерді өміріне енгізеді екен. Кітап оқыған уақытта қаласа да, қаламаса да ойланады. Ал әлеуметтік желіні жылп-жылп етіп (клиповое мышление) қарап отырған уақытта ол ойланбайтын. Тек таным көкжиегі ретінде қабылдайды, бірақ санасында бір дән қалмайды.

  •  

Кітаптың фишкасы – ол бір үлкен идеяны жеткізеді. Соны мида бекітеді. Кітаптың артықшылығы да сол. Кітаптағы даналықты бір сөйлем етіп айта салсаң, ол онша өтпейді. Бірақ кітап оқыған кезде сондағы оқиға, мысалдармен ол идея миға жақсы сіңеді.

  •  

Елімізде қарапайым азаматтар көп қой. Біз оқырман үшін кітаптың жалпылама пайдасын айтып кетуіміз керек. Мысалы, ол сенің сөздік қорыңды арттырады. Кітап оқитын адам мен кітап оқымайтын адамды сөйлегенінен байқайсың. Кітап оқитын адам әдемі сөздермен ойыңа дәл келетін нәрсені жеткізіп береді. Ал кітап оқымайтын адамды тыңдасаң, жұтаңдау, сусыз, құрғақ тамақ жеп отырған сияқты боласың.

  •  

Кітап есте сақтау қабілетіңді арттырады. Мысалы, жаттығу залына барған уақытта ауыр темірді көтеріп терің шыққан соң, залдан шығып душқа түсесің де, рахаттанып қаласың ғой. Дәл солай миымыз да кітап оқыған уақытта рахаттанады. Өйткені мидың азығы – кітап.

  •  

Кітап концентрацияны арттырады. 200 беттік кітапты толық оқып шыққанша, бүкіл ойың кітапта айтылатын идеяның айналасында жүреді. Концентрацияң ұзақ уақытқа жететін болады. Оған қоса кітап стрессті азайтады.

  •  

Кітап оқыған уақытта бір табақ тамақты арасын үзбей толық жегендей боласың. Ал әлеуметтік желі болса, арасынан үзіп-үзіп әйтеуір дәмін татқандай әсер береді.

  •  

Одан бөлек адам кітап оқыған сайын мотивациясы артып, жетістікке жылдам жетеді. Миға үлкен жетістік пен кішкентай жетістіктің айырмашылығы жоқ. Ал ми үшін бір кітапты аяқтаудың өзі – жетістік. Ол бір аяқталған іс болып тұрады – «Ой, мен жарадым, бүгін бір кітап оқыдым» дегендей. Адам шабыттанып келесі қандай тапсырманы алып оны аяғына жеткізсем екен деп тұрады. Ойлап қараңызшы, бір нәрсені бітіріп, енді қай нәрсеге кірісейін деген адам 100% оны сәтті аяқтайды ғой. Сосын адамның кітап оқыған сайын тілдік қоры, сөз саптауы жақсарады. Демек, сіз адамдарға өз ойыңызды айқын жеткізесіз. Айтақныңызды жылдамырақ істетесіз, әрі нақты істетесіз. Оған қоса адамдармен конфликтке азырақ түсесіз. Өйткені түсінбестік азаяды. Мысалы, сіздерде де болатын шығар, әлеуметтік желіде ол кейбір хаттарға жазу стиліне бола жауап бермей қояды. Қате, сауатсыз жазылған хаттарға жауап бергісі келмейді.    

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: