| 08/09/2025, 17:54 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу» кітабын құрылысшы да, жүк тасушы да оқуы мүмкін ғой. «Миллион бермін, оқы» десе оқиды ғой, әрине. Ол оқыса, оның ойы өзгеретін шығар. Кітап оқыған адам «Өмірдің мәні не?» деген сияқты бұрын өзіне қоймаған, оның айналасындағы адамдар оған қоймаған сұрақтарды өзіне қоя бастайды. Мысалы, 3 құрылысшы кірпіш қалап жатады. Үшеуі кірпіш қалау деген бір әрекетті істейді. Бірақ «Не істеп жатырсың?» деп сұрасаң, біріншісі – «Мен кірпіш қалап жатырмын» деп айтады. Екіншісі – «Мен бала-шағамды асырап жатырмын» дейді. Үшіншісіне «Не істеп жатырсың?» десе, ол «Мен екі дүниеме азық болатын мектеп тұрғызып жатырмын» еп жауап береді. Сонда, былай қарасаң, бәрі бір әрекетті істеп жатыр. Бірақ сол бір әрекетке 3 түрлі адам 3 түрлі мән кіргізіп тұр... Кітап руханиятты байытады. «Дембел той» дегенді көрді. Әскерден келгенді де тойлатып жатыр. Кеше білдік. Не күлерін, не жыларын білмеді. Яғни, баласы армиядан келгенін тойлап жатыр екен. Адамның руханияты бос болса, ол жас келген сайын сыртқа біліне бастайды. Жас кезде ойнап-күліп жүріп адамның ішкі кеуде қуысы бос екендігі білінбейді. Бірақ өскен сайын айналадағы у-шу басылады. Күнде «Жүр, көшеге шығайық» дейтін достарың азаяды. Сол кезде өзіңмен өзің оңаша қалуыңа тура келеді. Сол кезде сен ішіңдегі өзіңнің арыңның және рухыңның, өзіңнің орындалмаған әлеуетіңнің алдында жауап беруің керек. Соны тұншықтыру үшін адамдар тойқұмар болып кетеді. У-шуды қолдан жасағысы келеді, барынша пафосты дүниелер жасайды. Қайта-қайта себепті не себепсіз тойлай бергісі келеді. Өйткені тойламаса, ол оңаша отырып өзінің өмірін бос құртқаны үшін жауап беруі керек болады. Бұл сұрақ-жауап – адамүшін ең ауыры. Мысалы, 40 жыл өміріңді бос құрттың. Ол шынымен бос құртқан болса, «Неге өйттің?» деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды ғой. Бұл ауыр нәрсе. Негізі, ауыр дегеннен шығады, ол былай ойлайды: Алла әр тіршілік иесін жаратса, оны мәнсіз, жайдан-жай жарата салуы мүмкін емес. Соның ішінде адам – ең құрметті жаратылыс қой. Енді ойлашы, адамның өмірден терең мағына іздемеуі – қылмыс қой. Себебі сені жайдан-жай жер бетіне жібермеген. Сен адам ретінде «Не үшін өмір сүріп жатырмын?» деген сұраққа жауап іздеуің керек қой. Ал бұл сұрақты ойланбасаң, өз-өзіңе қоя алмайсың. Ойлануды кітаптан үйренесің. Мысалы, қазір есіне түсіп отыр, 21 жасында энергия туралы бір кітап оқыды. Жеке даму тақырыбы хит болып жатқан кездер. Қазір де хит қой. Ол кітапта өзге кітаптарда қозғалмайтын «миссия» деген нәрсе айтылды. «Сен не үшін өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақ тұр. Сонда ол, 21 жасар жігіт, алғаш рет өзіне сол сұрақты қойды. Кітап оқымаса, ол бұл сұрақты қоймай, 30-ға, 40-қа келіп, той тойлап жүре беретін бе еді, кім білсін? Яғни, кітап оқудың рөлі осы. Адамды кейде телефонға ұқсатады. Қазір көп адамда телефонның соңғы шыққан моделі бар ғой. Мысалы, айфонның соңғы үлгісі. Бірақ оны тек қоңырау шалуға немесе әлеуметтік желіге кіру үшін қолданады. Ал оның ішінде қаншама функция бар. Біреулер қыстың кезінде үйде отырып, даладағы машинасын телефон арқылы оталдырады. Айтишниктер телефонның өзімен қаншама код жазып, ноутбуксыз-ақ көптеген тірліктер атқара береді. Бұған мобилографтарды қосыңыз. Сол секілд адам өзінің әлеуетін дұрыс қолданбаса, яғни, тек қана ішіп-жеу үшін ғана өмір сүріп жүрсе, түбінде ол адам ақымақ адамға айналады. Бір сөз бар: «Кітап оқи алатын, бірақ оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш айырмашылығы жоқ» деген. Марк Твеннің сөзі ғой. Кім кітап оқыса, өзіндегі бүкіл қабілеттерін қолдана алатын болады. Ол айналадан тек қана ғажайып нәрсені көреді. Эйнштейннің сөзі бар: «Бүкіл әлем қарапайым деп өмір сүруге болады немесе бүкіл әлем ғажайыпқа толы деп өмір сүруге болады». Қарапайым гүлге қарап немесе араға қарап таңғажайыптарды көресің. Мысалы, ара нәзік қанатымен ауыр денесін көтеріп ұшып жүреді. Гүлдің шырынын қарнында пісіріп, ұяға құяды. Оны белгілі бір жылу деңгейін ұстап отырып, байыта береді. Соның бәрін көріп, ойланған уақытта адам ләззатқа батады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
