Оқырман оралымдары
01/09/2025, 15:44

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Бір корреляция көрді: мемлекетті жамандап шағым айта беретін кісілер кітап оқымайды. Ал кітап оқитын адамдар мемлекетке шағымданбайды.

  •  

Егер ол қара жұмыста, не құрылыста жүрген адам болса, өткендегідей кітап қолына түссе, ол оны өзгертетін еді. Ол сол уақытта қандай дұрыс шешім қабылдау керегін біліп тұратын. Ол, мүмкін, құрылысшы болып жүріп те бақытты бола алады. Яғни, ол құрылысшы болып жүріп, шағымданатын, арызқой адам болмауы мүмкін. Керісінше, жасап жатқан жұмысына мән дарытып, қара жұмыстан да ләззат алатын адам болар еді. Егер оның бойында құрылысқа қарағанда маркетингке қатысты таланттар жасырынып жатса, соларды оятып, халыққа көбірек пайда бере аламын деп бағытын өзгертуге шешім қабылдар ма еді. Яғни, бір кітап оның өмірін өзгерте алуы мүмкін.

Бала кезінде 3-4 сынып оқып жүрген уақытта «Ұлан» газетінен бір қиял-ғажайып оқиғаны оқыды. Бір кішкентай бала ауырып қалады. Ол өте әлжуаз, денсаулығы нашар жағдайда. Сөйтіп ол баланың үйіне көшеден қаңғыбас мысық келеді. Мысық деген адамның ауырып жатқан жеріне жатады ғой. Ол сол мысықпен достасады. Кейін сол бала есіктің алдына ойнауға шыққан уақытта мысық алға қарай зыр жүгіреді. Мысық баланы өзінің артынан ертуге тырысады. Бала да мысықтың артынан қуалап жүгіре береді, жүгіре береді. Кейін ұзақ қашықтыққа жүгіре бастайды. Әліг бала аз ғана уақыттың ішінде иммунитеті көтеріліп, бұлшықеттері шынығып, мықты бір желаяқ болып шығады. Бұл енді сол кезде тура оның жасына сай келетін балаларға арналған оқиға еді. Бұл оған үлкен мотивация сыйлады. Ол да осылай жүгіремін деп жазда 3 ай бойы дәл солай жүгірген. Бір ғана қарапайым ойдан шығарылған мысықтың оқиғасы оның 3 ай бойы таңертең жүгіруіне себеп болды. Оған кәдімгідей мотивация берді. Таңертең күн сайын жүгірген адамның одан кейінгі күні өнімді болатыны белгілі ғой.

  •  

Негізі, тура осы мотивацияны кинодан да алуға болатын еді. Біреудің уағызынан да естуге болады. Бірақ, байқасаңыз, кітаптың беретін әсері тереңірек. Кітапта әдетте бір ой айтылады. Сол ойды түрлі жақтан әкеп, пісіреді. Ол адамның санасына, жүрегіне тереңірек енеді. Сол үшін кітаптан алған мотивация да тереңірек болады. Қалай ойлайсыздар?

  •  

Қиялың шексіз, оны өзің байыта бересің. Кинодан көресің, мысалы, теңіздің жағасымен жүгіріп бара жатыр. Ал кітапта жүгірді деп айтады, сен оны теңізге қарай жүгіртесің бе, тауға дейін жүгіртесің бе, өзің білесің. Өзіңнің қиялың жеткен жерге дейін жүгірте аласың.

  •  

Ңиноны көрсеткен режиссер саған 1-ақ нұсқа ұсынады. Негізі, ең күшті режиссер – өзіңсің ғой. Кітап оқу арқылы сен одан да мықты нұсқаларды ойлап шығара аласың.

Жақсы, бағанағы ойды жалғастыратын болсақ, кітап бізге түрлі нұсқалар ұсынады дедік. Мейлі ол таксист болсын, құрылысшы болсын. Ойландырмайтын нәрсеге қарап жүрген адам өмірдің мәні туралы ойланбайтын сияқты.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 16 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: