03/06/2025, 23:50 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Біз өмірді өз ақылымызбен сүреміз деп ойлаймыз ғой. Негізі, ертеде қалыптасып қалған ойлар болады, automatic thoughts дейді. Ол алдымызға келіп тұрған оқиғаны класстерге бөледі, сөйтіп біз әдетте қандай шешімдер қабылдайтын едік деп ықтимал нұсқаларды ұсынады. Сөйтіп, шешімдер автоматты түрде шығады. Яғни, біз осыған дейін санамызда бекіген образ бойынша ғана әрекет ете аламыз. Сондықтан егер өмірімізді өзгерткіміз келсе, образымызды өзгерту керек. Ал образды өзгерту үшін кітап оқуымыз керек. Джек лондонның «Мартин Иден» кітабын бәрі оқуы керек. Бұл көркем әдебиет болғанмен жетістікке жету жайлы ең мықты кітап. Міндетті түрде оқу керек. Джек лондонның керемет жазушылығы бір бөлек, Мартин Иденнің қайсарлығы бір бөлек. Ойлаңызшы, күнде жүк тасушы болып жүріп кітап оқуға, кітап жазуға уақыт табуы қандай ғажап. Бір аналгия жасап көреікші. Бір жүк тасушы жігіт қазіргінің Мартин Идені дейік. «Алтын Ордада» (базар) бір жүк тасушы жігіт жүр. Ол «Мартин Иден» кітабын оқыды. Мартиннің боразын көрді. Мартин деген қарапайым теңізші жігіт аристократ қызға ғашық болады. Аналогия жасап көрсек, оның Мартин Иден ияқты ары қарайғы жолы шамамен қалай болады? Маршрут сызып көрейікші. Қазіргінің Мартин Идені не істейтін еді? Мартин күнделікті 5 сағатын кітап оқуға, 5 сағатын кітап жазуға арнайды. Тар бөлмеде ешқандай жағдай жоқ. Ойының бәрі – дамимын, жетілемін және Руф деген қызды өзіме қаратамын деген ой. Руф деен қызды өзіне қаратамын дегені кішкене ақымақтық болып қалды. Сол қызды өзіме қаратсам деген ойдың ар жағында сол арқылы аристократ қоғамның мүшесі болып алу ниеті жатты ғой. Сөйтіп өзін қамшылады. Ол да 2-курста мүлдем ағылшын тілін білмейтін. Сол уақытта Мартин Иденді оқып алып ағылшын тілін үйренуді бастады. Бірде бір reels-тан көріп қалды, бір кісілер базардағы адамдардан сұхбат алған ғой. Олар «Бізге мемлекет жағдай жасамай жатыр» деп айтып жатыр. Мемлекеттің де жауапкершілігі бар. Бірақ толық мемлекетті кінәлауға болмайды. Өйткені Қазақстанға жетпейтін мемлекеттер де бар. Демек, мәселенің көбі адамда. Енді қазір жаңағы шағым айтып тұрған адамға барып «Бауырым, мен кітаптан оқыдым. Мартин Иден деген Англиядағы бір жігіт сөйтіпті. Сен қазір күніне 5 сағаттан 5 жыл бір нәрсені үйрен, 5 жылдан кейін өмірің өзгереді» деп айтсаң, «Ақымақтық» дейді ғой. Егер ол кісі кітаппен дос болса, оның белгілі бір образдары болатын еді ғой. Оны шарасыз күйінен шығаруға көмектесетін, шарасыз күйде оған шешім шығаруға көмектесетін, шарасыз күйде оған шешім қабылдауға көмектесетін обарздар. Яғни, ол «сананы тұрмыс билейді» деп жүре бермейтін еді. Себебі мәселені шешудің бір нұсқасын табатын еді. Мартин Иден сияқты образ оны жігерлендіретін бе еді? Мүмкін ол туысқандарынан, айналасындағы адамдардан сол сияқты образ көрмеген шығар. Бірақ ол образ кітапта тұр ғой. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |