27/05/2025, 23:07 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Сценарий жизни людей деген болады. Адамның өмірі қай түрде, қандай бағытта өрбитіні туралы айтылады. Ағылшын тіліндегі бір кітапта жетістікке жеткен кісілердің бала кезде оқыған кітаптары мен сол кітаптағы бас кейіпкердің өмірімен ұқсастықтарын жазады. Яғни, сіз оқыған ертегінің кейіпкері өмірін қалай сүрсе, сіздің де өміріңіз сол жүйеді жүруі мүмкін. Адам түпсанамен соның өмірін қайталауға бейімделеді. Мысалы, бір ертегілерде супермен, батыр болады, зұлымдықты жеңеді, бір дәрі ойлап табады дегендей. Жетістікке жеткендер бала кезінде осындай кітаптар оқыған. Ал егер адам ертегі оқымаса немесе оқыған ертегілері қызықсыз болса, «Красная шапочка» сияқты біреуге жем болып қалатын ертегілер болса, ол адам кейін бәріне алданып қала беретін құрбан болып шығады. Қазір ғалымдар ең үлкен жаңалықтарды Гарри поттерді оқыған адамдардан күтеміз деп жатыр. Бір кітапты оқыған уақытта адам сол кітаптағы бас кейіпкерге айналады. Бас кейіпкерге жанкүйер болады. Қиын жағдай туындағанда немесе жақсы мен жаманның арасында шешім қабылдайтын кезде, бас кейіпкер қандай нейрондық байланыс пайда болады екен. Шынайы өмірде сондай жағдайға тап келген уақытта оқырман дағдарып қалмайды. Бірден не істеу керектігін біліп тұрады. Өйткені оның басында қабылданып қойған шешімнің нейрондық байланысы бар. Мысалы, сіз Бауыржан Момышұлының «Москва түбіндегі шайқас» кітабын, «Волоколамск тас жолы» деген кітаптарды оқисыз. Жаумен бетпе-бет келгенде немесе жауынгерін жазалау, не оны марапатқа ұсыну сынды әртүрлі дилеммаға келген кезде ол кісі қандай шешім қабылдады, сен де дәл сондай шешім қабылдай аласың. Сол үшін неғұрлым көп кітап оқысаң, соғұрлым сенің басыңда әртүрлі жағдайға арналған дайын шешімдер жинақталады. Шешім қабылдауға қатысты бір лайфхак бар. «Қай ситуацияда қандац шешім қабылдаған дұрыс?» деп бас қатырғанда, «Белгілі бір жағдайларда абдырап қалған кезде не істеу керек?» дегенде, саған көмек болатын бір образды еске ал. Өзіңді іштей кім сезінетініңі таңда. Ол бір жануар болуы да мүмкін. Мысалы, менің баламның обарзы – жолбарыс. Әр ситуацияда саған не істеу керектігін сол образ өзі айтып береді. Сен логикаға салсаң, не істеу керектігін білмейсің, басың қатады. Ал өзіңді Джордан Питерсон сезініп отырсаң, соның образына енсең, сенің ойлауың, сөйлеу стилің де соған ұқсап, өзгере бастайсың. «Қалай сөйлеу керек? Қалай тұру керек? Сұхбатты қалай беру керек?» деген сұрақтың жауабын обарзың береді. Оған көркем әдебиет оқу – уақытты бос өткізу сияқты көрінетін. Одан да кайдзен жайлы оқымаймын ба, тиімділігімді арттырмаймын ба деп ойлаушы еді. Бірақ кейін «көркем әдебиетті не үшін оқу керек?» деген сұрақтың жауабын тапты. Көркем әдебиеттен обарз табасың. Жалаң қағидалар емес, кейіпкерлермен бірге өмір сүресің. Сол үшін барынша жақсы кейіпкерді іздеп, табуың керек. Әдеби шығарма оқысаң, бораз эмоциямен бекиді. Сонда сенің образдар жиналған кітапханаң пайда болады. Сәйкесінше шешім қабылдау қабілетің де жақсарады. Салли деген ұшқыш туралы «Чудо на Гудзоне» деген кино бар. Өмірде болған оқиға желісімен түсірілген. Ұшқыш әуежайдан ұшып шығады. Ұша сала моторға құстар кіріп кетіп, ұшағы әуеде қалып қояды. Сөйтіп оның алдында 2 түрлі шешім тұрады: біріншісі – қайтадан әуежайға қайту, екіншісі – Гудзон шығанағының үстіне, судың үстіне ұшағын қондыру. Ол сол жерде 2-3 сеундта шешім қабылдап, бірден ұшаұты судың бетіне қондырады. Жолаушылар дін-аман, бірақ сақтандыру компаниясы оны «Сен қаншама шығын алып келдің. Сенде әуежайға қайтып, ұшақты аман-есен қондыруға мүмкіндік болған еді» деген айыппен сотқа береді. Сөйтіп ол жерде симулятор арқылы «Егер ұшақ судың бетіне қонбай, қайтадан әуежайға қайтып келсе, үлгеретін бе еді?» деп симуляция жасайды. Сол кезде 20 түрлі симуляция шығады, соның 19-ында ұшақ әуеде жарылып кетеді. Сөйтіп Салли сотта жеңіп шығады және одан «Мұндай шешімге қалай келдіңіз? Ол жерде өте қысқа уақыт өтті ғой» деп сұрағанда, ол кісі былай айтқан екен: «Қашан екені белгісіз, қай кітаптан оқығаным белгісіз, бір кітаптан осыған ұқсас жағдайды оқығанмын. Со бойынша сол уақытта шешім түпсанадан келді». Ол ойланам дегенше, қолы ұшақты бұрып, бірден су бетіне қондыра салады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |