Оқырман оралымдары
21/05/2025, 01:08

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Адамның қиялын дамыту үшін.

  •  

Өміріңді үздік үлгіде сүру үшін, ықтимал өмірлердің ішіндегі ең үздігін сүру үшін керек. Әлеуетті толық ашу үшін кітап керек.

  •  

Өміріңді шедеврге айналдырғың келсе, кітап оқы. Өйткені кітапсыз ол мүмкін емес.

  •  

Бенджамин Франклинді, Абайды, Имам Ғазалиді бұл заманға алып келе алмаймыз. Құдайға шүкір, олардың кітаптары бар. Демек, кітабын оқысақ, оларды бір дастарқан басына алып келгендей боламыз ғой. Олар келіп ақылын айтып жатса, өміріңнің сапасы әлдеқайда артып кетеді. Кітап оқу – сол кісілерді осы уақыт пен осы жерге алып келу құралы ғой.

  •  

Әдетте, адам көзі көріп, қолы ұстамайтын пайдаға онша сене бермейді. Тек көзбен көріп, қолы ұстайтын пайдаға сенеді. Мысалы, егер бір күнге зиялылардың ішінде ахмет Байтұрсынұлы немесе әлихан Бөкейханұлымен сұхбаттасатын мүмкіндігіңіз бар десе, фантастика ғой. Елестетіп көрейік, осы өмірге Әлихан Бөкейханұлы 1 күнге өзінің ұрпақтарымен сұхбаттасуға қайтып келді дейік. Кім жолығады десе, бәрі ұмтылып барады ғой. Үлкен кезек болады. Ал қазір сол кісінің сөздері тұр ғой. Сол кісімен сұхбаттасқандай әсер сыйлайтын, қаншама ақпараттарды алуға болатын кітаптар, тәлімдер тұр.

  •  

«Кітапқа қызығайын ба, қызықпайын ба?» деген адамдар оқып отырса, кеңес: Әлихан Бөкейханов немесе кездескіңіз келетін басқа тұлғаның кітабы қолыңызда болса, ол адам жанынңызда тұр деп есептеңіз. Кітапқа солай қарасаң, оны оқу жақсымен сұхбат құрғандай әсер береді.

  •  

Егер Бөкейхановтың дауысын білсе, тіпті керемет. Ол көптеген автордың кітабын оқыған уақытта соның дауысымен оқиды. Мысалы, Санжар Керімбайдың кітаптарын оқыған уақытта, сол кісінің бүкіл халыққа танымал өз дауысы бар ғой, тура сол дауыспен оқиды және өзімен сұхбаттасқандай болады. «Отандасым, былай істе» деп оған сөйлеп отырғандай болады.

  •  

Қиял не үшін маңызды? Барлығы білетін болар Эйнштейннің мынадай бір сөзі бар: «Білімнен гөрі қиял маңызды». Өйткені сен біліммен аспанның шегіне дейін ғана бара аласың, ал қиялмен бүкіл әлемді шарлай аласың. Осыдан 10-20 жыл бұрын Қытайдың адамдары былай ойланды: «Біз кез келген күрделі құралдың көшірмесін жасай аламыз. Бірақ қарапайым бір өнімді өзіміз құрастыра алмаймыз. Не үшін?» Соған бас қатырған қте ақылды адамдар еді. Сөйтіп, олар Батысқа, АҚШ-қа барып, сол жақтағы инженерлердің не жеп ақылды болып жатқанын зерттеген. Сөйтсе, әр инженердің қасында 5-6 кітап тұрады, оның ішінде 1-2-еуі қиял-ғажайып кітап екен: «Сақина әміршісі», «Хәрри Поттер», «Хроника Нарний» деген сияқты.

  •  

Кезінде Илон Маск те қиял-ғажайып кітаптарды оқығаны бар. Қарап отырсаңыз, оның бизнестері біртүрлі бизнестер: ғарышқа зымыран ұшыру, Марсты колонизация жасау, электромашина құрастыру, PАYPАL-ды ойлап табу деген сияқты. «Осындай бизнестерді не үшін таңдадыңыз?» деп одан да сұраған. Сөйтсе ол кісі бала кезінде қиял-ғажайып жанрында кітап көп оқыған екен. Қиялында әлі болмаған нәрсені елестете алған. Стив Джобс та сондай. Сөйтіп, қытайлықтар соңында әр оқушы оқуы тиіс қиял-ғажайып ертегі кітаптар, әдеби кітаптар болуы керек деген тұжырымға келіп, өздерінің білім жүйесіне енгізіп қойған. Қазір қарасаңыз, Қытайда неше түрлі қымбат, өте күрделі чиптер, телефон, машиналар шығып жатыр. Жоғарыдағы ғалымдардың әрекеті нәтижесін 10-20 жылдан соң беріп жатыр.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: