12/05/2025, 23:21 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Шынымен кітаптың пайдасы мол. Сондықтан көп кітап оқыған адам өмірді жеңіл сүріп өтеді. Байқасыз ба, көп кітап оқыған ғұлама кісілер өмірге жеңіл қарайды. Біз «Ойбай, анау бүйтті, мынау болмай қалды» деп күйіп-пісеміз. Енді сіз жаңа қырынан қарап көріңіз. Сіз жүріп өткен жолды 2000 рет жүріп өткен адам дәл сіз сияқты уайымдамайды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта байқайтын: әлеуметтік желі болсын, теледидар болсын, барлық жерде адамды ойландырмайтын бағдарлама өте көп екен. Ұлы дала әншілері, адамның көңілін көтеретін толып жатқан түрлі бағдарламалар. Оларға бүкіл әлем бойынша миллиардтап ақша бөлінеді. Сен оны көріп отырған уақытта ештеңе ойламайсың. Ғалымдар кино көріп отырған уадамның және кітап оқып отырған адамның басын МРТ-ға түсірген екен. Интернетте соның суреті бар. Кино көріп отырған адам басының бір бөлігі ғана қызыл, яғни, белсенді. Ал кітап оқып отырған адамның, ойланып отырған адамның және оңай есептерді тез шығарып отырған адам миының бірнеше бөлігі қып-қызыл болып жанып тұрады. Яғни, бұл адам бір уақытта ойланып жатыр, фокусын ұстап тұр және есеп шығарып жатыр. Осыған қарап-ақ айырмашылықты байқайсың. «Ең күшті кинотеатр – адамның миы» деген сөз бар. Кітап оқыған кезде сен ең күшті киноны өз миыңда түсіріп тастай аласың. Ол Хәрри Поттердің киносын көрді, кіабын ағылшын тілінде оқыды. Ағылшын тіліндегі кітаптың әсері кинодан 15-20 есе артық болды. Кино көріп отырып кейде 1-2 сағаттан кейін шаршайды. Ал кітапты тоқтамай 5-6 сағат оқыған кездері болды. Ұшақта 2 сағат, автобуста 2 сағат, үйде 2 сағат. Ми мүлде шаршамайды, өйткені көзбен алатын ақпаратқа қарағанда мидың қиялдағы сезінетін рахаты шексіз. Тек кино көріп, кітап оқымайтын адамдарға құлаққағыс, сіздер небір күшті бейнелерден құр қалып жүрсіздер. Мидың алдыңғы бөлігінде ми қыртысы деген болады. Адамныңң ерік-жігеріне, шешім қабылдауына мидың осы бөлігі жауап береді. Бір нәрсені аяғына дейін жеткізу, табандылық сияқты нәрселер. Адам миы азырақ жұмыс істеген сайын, кітап оқымаса, ойланбаса, бүкіл нейрондарын іске қоспаса, ол әлсірей береді. Яғни, ерік-жігері әлсірей береді. Сол кезде ондай адамды зиянды нәрсеге тарту, алдау, қалтасынан ақшасын шығарып алу оңайырақ болады. Сондықтан кейбір кісілер адамның миын барынша шайып жіберуге тырысады. Өйткені ондай адамның ерік-жігері жоқ, ойлана алмайды, ақшасын оңай беріп жібере салуға дайын тұрады. Адам ұйқысы қанбаса, ми қыртысы дұрыс жұмыс жасамайды: ашуланшақ болады, зейіні шашырайды, өзін басқара алмайды, көп тамақ жеп қояды. Енді бұл тамаққа қатысты емес, бүкіл әлемдегі өнімге қатысты. Яғни, сіздің ұйқыңыз қанбағанда немесе миыңызды интеллектуалды еңбекке үйретпесеңіз, біреуге жем болып, өтірік дүниеге алданып кету ықтамалдығы жоғары. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |