05/05/2025, 10:56 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Ол әрдайым бір мысалды айтатын, сіз яндекстен такси шақырар болсаңыз, өзіңіздің қайда тұрғаныңызды білу үшін картаны үлкейтуіңіз керек қой. Кітап та сондай. Әлемге алыстан қарауға, жалпы картинаны көруге мүмкіндік береді. Мысалы, сіз кітап оқымасаңыз, картада тұрып тек осы үйдің қуыс көшесін ғана көресіз. Ал көп кітап оқыған сайын бүкіл әлемді көретін боласыз. Енді ойлаңызшы,. Тек қуыс көшені көретін адамның адасу ықтималдығы жоғары ма әлде бүкіл әлемді көретін адамның ба? Осының өзінен адам кітап оқудың маңызын түсіне алады. Өмірде түрлі мүмкіндіктер болады. Сондықтан дәл қазір ұтымды шешімнен гөрі ұзақ уақыт тиімді болатын шешімді көре білу маңызды. Ал ол үшін кітап керек. Мысалы, ол уақыт жоспарлауды, мақсат қоюды және болашақта пайда әкелетін нәрсе үшін қазір өзін қинауды кітаптан үйренді. Әйтпесе, логикамен қарасаңыз, қазір келіп тұрған нәрсені қазір ала берген дұрыс. Бірақ ол кітаптан кейде болашақта үлкен пайдаға кенелу үшін қазір бірдеңеден бас тарту керек екенін түсінді. Ол жинақтаушы әсер болып кете береді. Ол өз нұсқасын айтып көрсін. Ол өмірінде аз-маз кітабын оқымағанда неге жетпейтін еді, неден айырылатын еді? Француздың Дидро деген философы бар. Соның сөзін көп келтіреді. «Кітапты не үшін оқу керек?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап берген. Былай дейді: «Адам кітап оқуды тоқтатқан күні ойлануды да тоқтатады». Демек, егер ол кітап оқымаса, ойланбаған болар еді. Кейде олар тренинг ұйымдастырады, жабық клубтарда сұхбат құрады. Сол кезде кейбір адамдар «Мына сұрақты өзіме қоймаппын», «Мына мәселе туралы ойланбаппын» деп айтып жатады. Бұдан не көреміз? Кітап оқу арқылы біз бұрын-соңды өзімізге қоймаған сұрақтарды қоя бастаймыз, ойлана бастаймыз. Зерделесек, егер кітап оқымағанында қазіргідей ойлана алмайтын еді. Адам кітап оқуды тоқтатқан күні ойлануды тоқтатады. Проблеманың бәрі ойланбаудан шығып жатыр. Негізі, сәл логикаңды қоссаң, сәл ойлансаң, артық қарызға батпайтын едің, өрескел қателік жасамайтын ба едің. Сол үшін кітаптан ештеңе алмаған күннің өзінде сен оны оқу барасында ең болмағанда «ойлану» деген Алланың берген нығметін іске қосасың. Сондықтан «Не үшін оқимын?» деген сұрақтың жауабы ойлану үшін болуы керек. Адам, бәлкім, сұрағының жауабын кітаптан таппайтын шығар, бірақ оның жауапқа жақындай түсетіні сөзсіз. Өмір сапасын жақсартуға жақындайды. Ол өмірдегі біраз мәселенің (қаржылық, отбасылық, психологиялық) жауабын кітаптан тапты. Бұрын ақсақалдар, аға мен іні институты болған. Олар жастарды жинап, ақыл айтатын. Қазір ол нәрсе азайып кетті. Біздің жармасатын жалғыз нәрсеміз – кітап боп қалды. Себебі кітапта бүкіл даналық бар, өткеннің тәжірибесі бар. Хадистерді, философтарды оқысаң, қалай өмір сүру керектігі айтылып қойған. Ойлашы, кітап деген уақыт машинасы сияқты ғой. Сен ол заманның данасына бардың, тыңдадың, білімің алдың, өмірің жақсарды. Бізге дейін өмірдегі барлық мәселе шешіліп, талқыланып қойған. Енді ойлаңыз, сіз кітап оқысаңыз, қолыңызда көп сұрақтың жауабы бар деген сөз ғой. Мысалы, өмірді бір орман деп елестетейік. Ол орманда жабайы аңдар, шұңқыр, ағып жатқан өзендер бар. Біз өмірді бір-ақ рет сүреміз. Ештеңе білмегеннен кейін кейбір тұста ұрынып қаламыз, жем болып жатамыз. Бірақ, әйтеуір, алба-жұлба болып кейбіреулер аяғына дейін жетеді,біреулер жетпейді дегендей. Ал енді кітап деген не? Жақсы кітаптың артында тәжірибесі көп, біраз жасқа келген бір тұлға тұр ғой. Дүниенің басқа бір шетінде өмір сүрген тұлға. Ол қаншама адаммен араласқан. Ол үшін бір кітап – бір адам. Ал бір адам – бір кітап. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Ол әрдайым бір мысалды айтатын, сіз яндекстен такси шақырар болсаңыз, өзіңіздің қайда тұрғаныңызды білу үшін картаны үлкейтуіңіз керек қой. Кітап та сондай. Әлемге алыстан қарауға, жалпы картинаны көруге мүмкіндік береді. Мысалы, сіз кітап оқымасаңыз, картада тұрып тек осы үйдің қуыс көшесін ғана көресіз. Ал көп кітап оқыған сайын бүкіл әлемді көретін боласыз. Енді ойлаңызшы,. Тек қуыс көшені көретін адамның адасу ықтималдығы жоғары ма әлде бүкіл әлемді көретін адамның ба? Осының өзінен адам кітап оқудың маңызын түсіне алады. Өмірде түрлі мүмкіндіктер болады. Сондықтан дәл қазір ұтымды шешімнен гөрі ұзақ уақыт тиімді болатын шешімді көре білу маңызды. Ал ол үшін кітап керек. Мысалы, ол уақыт жоспарлауды, мақсат қоюды және болашақта пайда әкелетін нәрсе үшін қазір өзін қинауды кітаптан үйренді. Әйтпесе, логикамен қарасаңыз, қазір келіп тұрған нәрсені қазір ала берген дұрыс. Бірақ ол кітаптан кейде болашақта үлкен пайдаға кенелу үшін қазір бірдеңеден бас тарту керек екенін түсінді. Ол жинақтаушы әсер болып кете береді. Ол өз нұсқасын айтып көрсін. Ол өмірінде аз-маз кітабын оқымағанда неге жетпейтін еді, неден айырылатын еді? Француздың Дидро деген философы бар. Соның сөзін көп келтіреді. «Кітапты не үшін оқу керек?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап берген. Былай дейді: «Адам кітап оқуды тоқтатқан күні ойлануды да тоқтатады». Демек, егер ол кітап оқымаса, ойланбаған болар еді. Кейде олар тренинг ұйымдастырады, жабық клубтарда сұхбат құрады. Сол кезде кейбір адамдар «Мына сұрақты өзіме қоймаппын», «Мына мәселе туралы ойланбаппын» деп айтып жатады. Бұдан не көреміз? Кітап оқу арқылы біз бұрын-соңды өзімізге қоймаған сұрақтарды қоя бастаймыз, ойлана бастаймыз. Зерделесек, егер кітап оқымағанында қазіргідей ойлана алмайтын еді. Адам кітап оқуды тоқтатқан күні ойлануды тоқтатады. Проблеманың бәрі ойланбаудан шығып жатыр. Негізі, сәл логикаңды қоссаң, сәл ойлансаң, артық қарызға батпайтын едің, өрескел қателік жасамайтын ба едің. Сол үшін кітаптан ештеңе алмаған күннің өзінде сен оны оқу барасында ең болмағанда «ойлану» деген Алланың берген нығметін іске қосасың. Сондықтан «Не үшін оқимын?» деген сұрақтың жауабы ойлану үшін болуы керек. Адам, бәлкім, сұрағының жауабын кітаптан таппайтын шығар, бірақ оның жауапқа жақындай түсетіні сөзсіз. Өмір сапасын жақсартуға жақындайды. Ол өмірдегі біраз мәселенің (қаржылық, отбасылық, психологиялық) жауабын кітаптан тапты. Бұрын ақсақалдар, аға мен іні институты болған. Олар жастарды жинап, ақыл айтатын. Қазір ол нәрсе азайып кетті. Біздің жармасатын жалғыз нәрсеміз – кітап боп қалды. Себебі кітапта бүкіл даналық бар, өткеннің тәжірибесі бар. Хадистерді, философтарды оқысаң, қалай өмір сүру керектігі айтылып қойған. Ойлашы, кітап деген уақыт машинасы сияқты ғой. Сен ол заманның данасына бардың, тыңдадың, білімің алдың, өмірің жақсарды. Бізге дейін өмірдегі барлық мәселе шешіліп, талқыланып қойған. Енді ойлаңыз, сіз кітап оқысаңыз, қолыңызда көп сұрақтың жауабы бар деген сөз ғой. Мысалы, өмірді бір орман деп елестетейік. Ол орманда жабайы аңдар, шұңқыр, ағып жатқан өзендер бар. Біз өмірді бір-ақ рет сүреміз. Ештеңе білмегеннен кейін кейбір тұста ұрынып қаламыз, жем болып жатамыз. Бірақ, әйтеуір, алба-жұлба болып кейбіреулер аяғына дейін жетеді,біреулер жетпейді дегендей. Ал енді кітап деген не? Жақсы кітаптың артында тәжірибесі көп, біраз жасқа келген бір тұлға тұр ғой. Дүниенің басқа бір шетінде өмір сүрген тұлға. Ол қаншама адаммен араласқан. Ол үшін бір кітап – бір адам. Ал бір адам – бір кітап. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |