Оқырман оралымдары
28/04/2025, 22:18

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Олармен қарым-қатынас жақсарды. Оның ойынша, ол кітап оқымағанда «Мен ұялшақпын. Мен адамдармен сөйлесе алмаймын» деп жүре беретін еді. Кітап мүмкіндіктерінің аясын кеңейтті. Кітап оқу ләззатының дәмін татты.

Олар «Не үшін кітап оқу керек?» деген сұрақтың жауабын іздеуге тырысып жатыр ғой. Олардың кітап оқымайтын, кітаппен әлі достасып үлгермеген жақындары бар. Бір амалын жасап, оларға кітаптың дәмін таттыру керек деп ойлайды.

  •  

Ол филология мамандығында оқыған соң 1-2 курста әдеби кітаптар оқыды. Оларға аптасына 15 кітап, яғни, келесі аптаға дейін осынша әдеби кітап оқу керек деп тапсырма беретін. Оның ішінде қазақ әдебиеті бар, әлем әдебиеті, балалар әдебиеті бар. Сосын 3-курстан бастап психологияға, дамуға қатысты, сонымен қатар ғылыми кітаптарды оқи бастады. Осылайша тек керек кітаптарды оқуға тырысты.

  •  

Тақырыпты ашу үшін мына сұраққа жауап беріп көрейік: «не үшін кітап оқу керек?» Дәл осы сұраққа бірден қалай жауап берер едіңіздер? Копирайтингте «Оны алмасаң, неден айырыласың?» деген сұраққа жауап бере отырып мәтін жазсаң, өніміңді жақсы өткізе аласың деген дүние бар. Сол сияқты олар қазір кітап оқу идеясын сатайын деп жатыр. Ойлаңызшы, егер сіз кітап оқымасаңыз, осы күнге дейін кітаппен достаспаған болсаңыз, «Егер мен кітап оқымағанда неден айырылатын едім?» деп өзіңізден сұрап көріңізші. Қатарлас, ауылдас, замандастарыңызды ойлап, осы уақытқа дейінгі жетістіктеріңізді еске алып жауап беріңіз. Осы сұрақ арқылы кітап оқудың маңызын түсіндіруге болады. Сіздің жауабыңыз қандай?

  •  

Егер кітап оқымағанында қазір оның ішкі әлемі өте кедей болушы еді. Оның әңгімесі «бір машинаның дөңелегі», «жөндеу», «үйдің сылағын жасау» деген сияқты қарапайым әңгімемен аяқталушы еді. Мысалы, ағашқа қараса, тек отқа жағуға болатын ағашты көруші еді. Қазір кітап оқудың арқасында ағаштың бір жапырағының өзінен үлкен әлем көреді. Фотосинтез, оның ішінде болып жатқан әрбір молекуланың ішіндегі атомдар, кванттық физика – соның бәрін қазір бір қарау арқылы қиялында оята алады. Сонысымен оған өте қызық көрінеді. Ағаш деген іш пыстыратын нәрсе емес, бір керемет жаратылыс, ешкім қайталай алмайтын, ешкім жасай алмайтын бір әдемі зат деп көреді. Сол үшін кітап оқу маңызды деп ойлайды. Басына осы ой бірінші келіп отыр.

  •  

Кітап оқымағанда быт-шыт болып жүретін еді. Такси жүргушісі, әлде күзетші ме, әйтеуір өзін дамытуға болатын идеяны көре алмай бір жерде қалып қоюшы еді. «Өзімнің даму шыңым осымен бітеді» деп бір орында тұралап қалушы еді.

  •  

Потенциалы ашылмайтын еді. Мысалы, такси жүргушісі жаман дегенді білдірмейді. Кейбір потенциалы ашылмаған адамдар бар. Себебі ол өзінің даму жолын көрмей тұр. Ол такси жүргізушісі болуы мүмкін, бірақ идеясы тасып тұр дегендей.

  •  

Бір жігітті біледі. Ол қарапайым жұмыс істейді. Арасында ерігіп сурет салады. Суреттерін офис қабырғасына іліп қояды. Ол суреттер қарапайым қаламмен салынған, бірақ көргенде тірі сурет дерсің. Егер ол сол қабілетін ары қарай дамытса, тіпті 1-2 ай курсқа қатысса, ең мықты дизайнердің бірі болушы еді. Егер ол кітап оқып, өзінің бойындағы ұйықтап жатқан түрлі қабілеттерді оята алса, біздің көптеген кітаптың мұқабасын жасаушы еді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 15 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: