21/04/2025, 22:34 | |
КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Ол шамамен 6-7 сынып оқығанда әкесі оған 6303 деген сұр телефон сатып алып берген. Соған мегабайт салды. 100 теңгеге 20 мегабайт. Телефонына интернет қосып алып түнімен уикипедия оқиды. «Джим Керри қалай танымал болды?», «Джеки Чан қалай танымал болды?» дегендей. Әлі күнге дейі «Джеки Чан алғашқы миллионын қашан тапқан? Джим Керри 10 миллионды не үшін алған?» деген ақпараттар жадынан кетпеген. Ол кезде ешкім кітап оқуға үйретпеген соң, оқуға деген ұмытылысын өмірбаян оқуға жұмсаған ғой. Кітапты алғаш рет 1-курста оқып бастады. Ол филология факультетіне оқуға түсті. Филологияда көбінесе ауылдан келген, қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішкен, жас кезінен кітапқа құмар адамдар жиналады. Тобындағы адамдардың бәрі кітап оқиды, өз араларында кітап талқылайды. Ал ол түк қоымаған. Соның кесірінен әңгімеге қосыла алмай қалады. Жанындағы бір группаласынан «Кітап оқуды қашан бастадың?» деп сұрады. «2-сыныпт» дейді. Көп ойланды. Сөйтіп жылдарды санап шықты. Олар одан әлдеқайда алда келе жатыр екен. Иә, қалып бара жатыр. Оларға тез жету үшін ол жылына қанша кітап оқуы керек деген ой болды. Сөйтіптізім жасады: философиядан – 30 кітап, орыс әдебиетінен – 30 кітап, батыс әдебиетінен – 30 кітап, поэзиядан – 30 кітап. Осыларды оқимын деп шешті. Сөйтіп 1-курста 1 жылдың ішінде 150 кітап оқыды. Оның ішінде Бадлердің «Зұлымдық гүлдері» бар, Иммануил Канттың «Таза зердеге сыны» бар, Спинозаның «Этика» деген кітаптары бар. Бар ойы тобындағы студенттермен арадағы алшақтықты қысқарту болды. «Адамның бәрінде наным-сенім болады» деп Марғұлан аға айтқандай, ода да наным-сенім болды. «Бір адамның бір адамнан артықшылығы – тек оқыған кітабында» деп ойлады. Егер ол басқалардан мықты болғысы келсе, көбірек кітап оқуы керек. 1-курсқа келген кезі ғой. Ол Қарасай ауданы Іргелі ауданында оқыды. Артынша Қаскелеңдегі Сүлейман Демирел университетіне оқуға түсті. Сол кездегі Серікжан деген досы қазір СДЛ-да сабақ береді. Сол жігіт «Бірінші курстағы Шразаддин мен екінші курстағы Шразаддин мүлде бөлек адам» деп айтатын. Ол 150 кітап оқығаннан кейін ол оны 2-курста танымай қалған ғой. Шынын айтқанда, ол басқа адам болып кетті. Дінде «жәһилия» кезеңі дейді ғой, сол сияқты кітап оқығанға дейін және кітап оқығаннан кейінгі Шразаддин мүлде бөлек адамдар. Өмірін өзгерткен кітап болды. Ол әрдайым айтатын бір нәрсе бар: «Егер бұл өмірге 100 рет қайтып келетін мүмкіндік болса және ештеңе өзгертпей өмірден бір нәрсені ғана таңдайтын болсам, тек кітапты таңдар едім». Адамзат ойының ең үздік жемісі – кітап деп ойлайды. Негізі, бір жазушының «Адамзатты ақымақ дейін десең, кітап ойлап шығарды ғой» деген сөзі бар. Кітаппен достығым 13-14 жасында басталды. Дос деген кім? сен одан бір нәрсе сұрайсың, ол саған береді. Достық деген өзі сондай қарым-қатынас қой, орысша айтқанда «взаимовыгодный». Екі тарап та достықтан өз пайдасын алуы керек. Оның проблемалары болды. Мысалы, адамдардмен қарым-қатынас құру қиын болатын. Ұялшақ еді. Проблемасы айқын: «Адамдармен қылылмай сөйлесуді қалай үйренемін?» Кітапты ашып қалса, ішінде дәл осы сұрақтың жауабы бар екен. «Сенің жаныңда адам өзін маңызды сезінуі керек. Оның есіін жиі айт. Оған қызыға қара» дейді. Сол кезде рок жанрындағы музыканы тыңдайтын таныстары болатын. Таныс дегенде ағылшын тілі курсына бірге барып жүрген қыз-жігітер ғой. Ол Дейл Карнегиді оқып алған. Олармен дос болудың жолы олар қызыққан нәрсеге қызығу деп ойлап, олар тыңдайтын рок әндердің бәрін тыңдап шыққан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |