Оқырман оралымдары
15/04/2025, 22:47

КІТАП ОҚУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Кітап оқитын, кітапқа қатысы бар адамдар ретінде осы бір жақсы дүниені көбірек насихаттайықшы. «Жапондар мынанша кітап оқиды, түріктер мынанша кітап, арабтар осынша кітап оқиды» дегенді естіп жатамыз. Біз де «қазақ халқы жылына осынша кітап оқиды екен» деп статистикаға енсек қалай?!

Кітап оқудың маңызы бұрыннан айтылып келе жатыр. Енді біз оны басқа қырынан ашып көрейік. Сонымен, «не үшін кітап оқу керек?» Жалпы бәрі «Не үшін?» деген сұрақтан басталады. Алдымен өзіміз осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.

Қазір бәріміз өткен шаққа оралып, кітаппен достығымыз қалай басталғанын еске түсіріп көрейік.

Оның ең алғаш оқыған кітабы – Робинзон Крузо. Біреу сенер, біреу сенбес, ол оны 5 жасында оқыған. Өйткені 4 жасында барлық әріптерді танып, қосып оқи алатын деңгейде болды. Сол кезде кітаптың бас кейіпкері – Робинзонның кемесі қирап, өзі жағаға шығып қалғаны, аралдағы жабайы аңдардан қорқып, ағаштың үстінде ұйықтаған кезі есінде. Оның қиялы керемет болғаны соншалық – сіркіреп жаңбыр жауып тұрған кезде ағаштың үстінде ұйықтай алмай жатқан Робинзон қазіргі күнге дейін есінде қалып қойған.

Қазақ тілінде оқыпты. Оқып жатқанда әкесі «Қазір оқып болған соң мазмұнын сұраймын» деді. Сол санасында қалып қойған болу керек, кітаптың мазмұнын барынша түсініп оқуға тырысты. Ең алғаш оқыған кітабы сол. Кітап әлеміне алғашқы есік ашылды. Одан кейін есікті жаба алмай қалды. Мектептің кітапханасын тауысып оқыды. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» деген кітаптарды ол бірінші тоқсанның кезінде оқып бітіріп тастайтын еді. Кітаптағы тапсырмаларды алдын-ала жасап қоятын.

Мектептің кітаптарын оқып біткен соң ауылдағы мәдениет үйінің кітапханасына көшті. Сол жерден кітаптар алып оқи бастады. Онда әлем әдебиетінен кітаптар көп болды. Үйге алып кетесің, оқисың, қайта апарып тастайсың. Осылай кітапқа деген махаббаты ашылды. Кітап оқу – үйдегі үрдіс. Өйткені шешесі мұғалім болғаннан кейін үйге көп журнал, газет, кітап алып келетін. Содан кітап оқу әдеті қалыптасты.

Демек, бұл жерде ата-ананың, ортаның рөлі маңызды болып тұр ғой, иә?

Олардың үйінде кітаптар әншейін бір сәндік бұйым ретінде тұратын.

Бірнеше кітаптың авторы Бақытжан Бұқарбай ағамызды білесіздер ғой. Ол кісі бір сұхбатында бүгінге дейін 10000 кітап оқығанын айтқан еді. Ал ол саналы ғұмырында 200-300 кітап оқыған шығар. Санап көрсе, күніне 1 кітаптан оқып отырғанда 27 жылда ол кісінің нәтижесіне жетеді екен. Сол сияқты сіз де осы жасқа дейін қанша кітап оқығаныңызды шамамен айта аласыз ба?

Орташа есеппен алғанда оқыған шығармаларының саны 5000-нан көп деп ойлайды. Әуезовтың бір кітабын алсаң, ішінде 5-6 еңбегі бар: «Абай жолы», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» деген сияқты. Бір кітаптарды толық бітірмеуі мүмкін, ішінен керек жерін ғана теріп оқыды. Ал бір кітаптарды бастан-аяқ бітірді. Бір кітаптардың көлемі үлкен, енді біреулері кішкентай. Бұл газет-журналды қоспағандағы сан. Әйтпесе «Аңыз адам» секілді қаншама пайдалы ақпаратқа толы керемет журналдар, «Көк аспан – Қара жер» сияқты газеттер де бар.

Олардың үйінде мүлде басқа үрдіс, басқаша атмосфера болды. Алаш қайраткерлерінің өмірбаянын оқысаңыз, «Ауыл молдасынан сауат ашқан» дегені бар ғой, соған ұқсайды екен. Олардың үйінде кітап оқу үрдісі болмады. Шынында да, ондайды көріп өспеді. Бірақ ішінде әрдайым білуге, тануға ұмтылыс бар еді. Соны қанағаттандыру үшін ғаламтордан уикипедияны оқи беретін.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: