Оқы, оқы және оқы
10/12/2024, 10:17

ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ КІТАП

Қадыр Мырза Әли неге үйінен шыққан адамдарды тексеретін болған?

Қазақ жазушыларының ішінде ең көп кітап оқыған – Қадыр Мырза Әли. Ол күнделік түрінде жазылған кітаптарды оқуға құмартқан екен. Қазақ әдебиетіндегі, әлем әдебиетіндегі жарық жұлдыздардың, талантты ақын-жазушылардың күнделіктерін оқып, әр кітаптан оқыған қызықты мәліметтерді, қанатты сөздерді түртіп алып отырған.

Сол түртіп алғандарын біріктіргенде 2 кітап шыққан.

Қадыр Мырза Әлидің таңдамалы шығармаларының өзі 12 том. Бұл тек таңдап алынғандары. Сонда барлық шығармаларын қосқанда қанша том деп ойлайсыз?

Қадыр Мырза Әли жайлы тағы бір қызықты ақпарат бар. Оның үйіндегі кітапхананың кітаптары өте көп болған екен. Ол үйіне қонаққа келген әрбір адамды үйінен шығарып саларда толық тексерістен өткізетін болған. Қолымен кеудесін, қалтасын бір тексеріп шығатын. Сондағы Қадыр атаның ойы – «Менің кітаптарымның бірін ұрлап алмады ма?» деген қорқыныш екен. Осыдан Қадыр атаның кітаптарына қаншалықты мұқият қарағанын, көзінің қарашығындай ұстап, жоғалтып алмауға тырысқандығын білуге болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: