26/11/2024, 10:18 | |
ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ КІТАП Әбу Насыр әл-Фараби қай кітапты 100 мәрте қайталап оқыған? Әбу Насыр әл-Фараби бала күнінен ғылымға үйір болған. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білім іздеген. Оның білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атағаны барлығымызға белгілі. Әл-Фараби кітапты көп оқыған. Соның ішінде мынадай қызықты ақпарат бар: адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «Даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен: «Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым» деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбу насыр әл-Фараби екен. Сонымен қатар әл-Фараби ылғи да Аристотельдің «Физика» деп аталатын кітабын қолынан тастамайды. Бір жолдасы: «бұл кітапқа неге сонша қадалып қалдың?» - деп сұрайды. Сонда Әбу Насыр: «Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Сөйтсе де тағы оқып шығуым керек. Өйткені әлі толық ұғынып болған жоқпын», - деп түсіндіреді. Әбу Насыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Кітапта жазылғанның мағынасын толық түсінгенше ерінбей қайталап оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына терең ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы ғылым әлемінің таңғажайып сырларын анықтаған екен. Біз бір кітапты бір рет толық оқуға қиналып жүрсек, әл-Фараби атамыз бір кітапты қырық, тіпті жүз мәрте қайталап оқыған екен. Ал сіз бір кітапты ең көп дегенде қанша мәрте қайталап оқып көрдіңіз? баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 15 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |