Оқы, оқы және оқы
05/11/2024, 10:36

ЕСТЕ САҚТАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН 26 КЕҢЕС

19. Сөйлесу

Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себепті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек.

 

20. Абай атамыздың 31-қарасөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

 

21. Тынығу

Ми әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Миға салмақ түсірмей жұмыс істеп отырмын дегеннің өзінде де бірнеше минутқа тынығуға жетпейді. Миыңызға ара-тұра жеңіл массаж жасаңыз (қабағыңыз мен шашыңызды орта тұсын саусақтың ұшымен шеңбер жасағандай сәл батырып, уқалаңыз). Немесе мақтаға сергітетін май тамызып (сысалы, бергамот), самай, құлағыңыздың ұшын, мұрныңызды уқалаңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: