Оқы, оқы және оқы
16/09/2024, 22:24

ҰМЫТШАҚТЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Ұйқы режимінің бұзылуы

Беркли университетінің ғалымдары адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы – есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адам ағзасы 8 сағаттық ұйқыны қажет етеді. Ұйқы режимі бұзылса есте сақтау қабілетіңіз төмендей береді. Ұйқысыздық салдарынан адам сергек күйінен айырылып қалады. Миға күш түседі.

Ми – адам ұйықтаған уақытта ғана энергиясын толтырып, сергек қалыпқа түседі. Ұйқысыз жүру ми жасушаларының өлуіне әкеледі.

 

Ақпарат дәуірінің кеселі

Адам қабылдайтын ақпараттар секунд санап өсіп келеді. Ақпарат ағымынан қалмаймын деп адамдар көп оқиды, көреді, тыңдайды. Алайда шамадан тыс көп ақпарат мидың жұмыс істеуін төмендетеді. Есте сақтау қабілеті сізге берілген үлкен нығмет. Тез жаттап алу, керек ақпаратты есте сақтау, уақытында бәрін қадағалау. Кенеттен миыңыз осының барлығын қабылдамай қалса не болады? Сақтайтын орын қалмаса ше?

Осы орайда ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың әлемге танымал кейіпкері Шерлок Холмстың пікірі мынадай: «Адамның миы – үйдің ауласындағы артық заттарды жинайтын үлкен шатыр сияқты. Ол жерге керек, керек емес артық дүниенің барлығын сала беруге болады. Ақымақтар солай істейді де. Бір күні ең керекті дүниені кіргізейін десең, артық салынған заттардың кесірінен қалаған затты сыйдыра алмай дал боласың. Сол сияқты, шатырдан керек дүниеңді алайын десең, ол арғы бетте қалып қойған, ала алмай ьағы қара терге түсесің. Ал мен мұндай адамдардың қатарынан емеспін. Мен тек өзіме керекті затты ғана алып, шатырға кіргіземін. Олар көп болса да, барлығы ұқыпты жиналып тұр. Керек кезінде оңай тауып, қолдана аламын. Артық дүниенің маған керегі жоқ».

Сондықтан өзіңізге қажетті ақпаратты ғана тұтынғаныңыз жөн. Шамадан тыс, қажет емес ақпараттар ұмытшақтыққа шалдықтырады.

Ақпарат ағымының тағы бір кемшілігі: адам бір уақытта бірнеше ақпаратты игеруге тырысуы. Алайда бірде-біреуі лайықты түрде есте қалмайды. Ми өзін осы режимге үйретіп алады. Ақпарат қажетті деңгейде қабылданбайды. Сондықтан, бір уақытта бірнеше ақпаратты алуға тырыспау қажет.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: