Оқы, оқы және оқы
16/09/2024, 22:16

ҰМЫТШАҚТЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Ас адамның арқауы ма?

Адам миы энергияны аз тұтынатын ағза. Соған қарамастан, энергетикалық витаминдерді көп қажет етеді. Қазақта «ауру – астан» деген мақал да соның көрінісі.

Күнделікті ас мәзірін реттеңіз. Мәзіріңізде: қант, құрамында қанты көп тағамдар, ұннан жасалған тағамдар, газдалған сусын, спирт, майлар болмағаны абзал. Болған күннің өзінде аз қолдану керек. Бұл тағамдар есте сақтаудың күрт төмендетіп, ұмытшақтыққа шалдықтырады. Кешкі асты ерте ішу керек.

Бір қарт адам дәрігерге өзінің алжи бастағанын, ұмытшақ болып қалғанын айтып қатты күйзеліпті. Дәрігер әлгі науқасын тексере келе, тұрмыс әдеті туралы сұрай келе, оның үнемі басты азық ретінде әр күні нан мен жұмыртақны үзбей тұтынатынын білген. Дәрігердің талабы бойынша, азықтану дағдысын өзгерткен қарт соңында «науқасынан» жазылып шыққан екен. Сондықтан, жасы ұлғайған адамдар күндіз мүмкіндігінше жиі су ішіп тұруы, азық-түлік түрін көбейтуді, аз-аздан тамақтануды ұмытпауы тиіс.

Себебі есте сақтау қабілетінің жақсы жұмыс істеуіне адамның салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануының әсері мол. Өйткені есте сақтау қабілетінің әлсіреуі дәрумендердің тапшылығын тудырады екен. Есте сақтау қабілетінің жақсы болйы үшін үнемі ас мәзіріне ет, балық, жұмыртқа және сүтті тағамдарды қосып отырған дұрыс. Невролог маманның айтуынша, есте сақтау қабілетін жақсарту үшін жаңғақ, бұршақ тағамдары жақсы, сондай-ақ жылқының еті өте керемет, себебі онда холестерин аз да, аминқышқылдары көп. Ол есте сақтау қабілетінің қалпына келуіне пайдалы. Ал биенің сүтінде қоректік заттар көп, сонысымен пайдалы болып келмек. Назарға алатыны, темекі шегу мен ішімдік ішу де ұмытшақтыққа душар ететінін естен шығармаған дұрыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: