Оқы, оқы және оқы
24/06/2024, 11:02

ҰМЫТШАҚТЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Әдетте, адамдар оқыған кітаптарын, басынан өткен оқиғаларын «Сенің есіңде ме?» деп сұрау салатыны белгілі. Сонда есімізге түспей әуре-сарсаңға түсеміз.

Кейде өзіміз істеген әрекетті, қабылдап алған ақпаратты, оқыған кітаптарды, айтылған әңгімені, жаттап алған өлеңді де ұмытып қалып жатамыз.

Ата-әжеміз «Әй, кәрілік келіп, ұмытшақ болдық» деп күрсінсе, қазір жастардың арасында да білгенінен шатасып, ойындағысын еске түсіре алмай ұмытшақтыққа ұрынады.

Ұмытшақтық нақты ауру дегеннен гөрі, көптеген аурулардың симптомы деген дұрыс. Жалпы ұмытшақтық адам бойында қайдан пайда болады?

Нейробиолог ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеген, есте сақтау қабілеті не үшін нашарлайтынын дәлелдеген.

 

Ағзаның қалыпты деңгейден ауытқуы

Ағза шаршаған болса, әсіресе жүйке шаршаған болса сізде ұмытшақтық пайда бола бастайды.

Өзіңіздің ұмытшақ бола бастағаныңызды сезген сәттен, соңғы күндері өміріңізге ненің ауыр тигенін немесе сізді не алаңдатқанын анықтау керек.

Ұмытшақтықты емдеудің басты тәсілі оның себебін анықтау. Адам ағзасы жүйелі құрылымнан тұратын биохимиялық машинаға жатады. Ол машинаны адамның жүйке-жүйесі бұйрық беру арқылы қозғалысқа келтіріп, ретке салып жүргізіп отырады. Адам ағзасы да шаршайтын кез болады. Сондай шаршаулардан ағзаның қалыпты жұмысында ауытқушылық туады. Соның бір көрінісі – сіздің ұмытшақ бола бастауыңыз.

Мұндайда өзіңізге-өзіңіз ем жасағаныңыз дұрыс. Мүмкіндігінше уайымнан арылып, жүрегіңізге салмақ салмай, бастысы, өзіңізді демалтуға көбірек мән беріңіз.

Мамандар ұмытшақтыққа шалдыққандар алдымен психологтан кеңес алу керектігін айтады. Соның негізінде өзіңіздің тіршілік әрекетіңізді жөнге сап, ағзаның дұрыс жұмыс істеуге жағдай жасауға тиіссіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 28 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: