Оқы, оқы және оқы
18/06/2024, 22:37

КІТАПТАҒЫ АҚПАРАТПЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ ҚАЖЕТ?

Кітаптағы ақпаратты оңай еске түсіру үшін оны өзіңізде бар біліммен байланыстыру қажет. Жаңа ақпаратпен танысқанда, кітаптың бір бөлімін оқып шыққанда немесе маңызды бір ақпаратты тыңдағанда бірнеше минутыңызды қиып, түйінді ойларды, идеяларды жазып қойыңыз.

Кітап оқуға арнаған уақытыңыздың 50 пайызын ақпаратты оқуға, ал қалған 50 пайызын сол ақпаратты қорытуға арнаңыз. Кітаптағы ақпаратты есте сақтап қалу үшін оны қайталай беру дұрыс емес. түгелдей оқып шығу да аздық етеді.

Әр бөлімді оқып шығыңыз да, қалған уақытта ол ақпаратты біреуге қайталап айтып беруге және көпшілік оқырманмен талқылауға арнаңыз. Ең эффективті тәсіл – қорытындылап жазып қою. Осылай жасасаңыз, оқығаныңыз әлдеқайда жақсы есте қалады.

Зерттеулерге сүйенсек, тапжылмай 2 сағат кітап оқығанға қарағанда, 30 минут оқып, 30 минут сол ақпаратпен жұмыс жасағандар ақпаратты ұзақ есте сақтайды.

Сондықтан кітап оқуға арналған уақытыңызды екіге бөліңіз. Алғашқы бөлігін оқуға, қалған бөлігін сол оқыған ақпаратпен жұмыс жасауға арнаңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 29 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: