11/06/2024, 00:10 | |
КЕРЕК МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСТЕ САҚТАУ 20 минут қағидасы Кітап оқу кезінде әр 20 минут сайын «не оқып жатырмын?», «не түсіндім?» деген сұрақтарға жауап беру керек. Ең бастысы, оқиғаларды көзге елестетіп, ұмытып қалам-ау деген жерлердің астын сызып қойыңыз. Немістің нейропсихологі Герман Эббингауз адам жадында деректерді сақтау процесін зерттеген. Зерттеуге сәйкес, адам алған ақпаратының 20 минутта 40%-ын, ал 1 сағатта 60 пайызын ұмытып қалады екен. 1 күннен кейін деректің тек 33-35 пайызы ғана есте сақталып қалады. Егер алған мәліметті әр 20 минут сайын өңдеп отырмасақ, бұл ақпараттар жадта сақталмай өшіп кетеді. Бұл олқылыққа жол бермеудің тәсілі қарапайым. Кітап оқығанда әр бөлімнен кейін қорытынды жасау қажет. Онсыз оқығанымыз минут сайын ұмытыла береді. Бір тақырыпшаны бітірген соң 2-3 минут ішінде оқығаныңызды оймен жүйелеңіз. Не жайлы айтылды? Өмірде қалай қолданамын? 4-5 сөйлеммен жазбаша қорытынды жасаңыз. Әр бөлімді қорытындылап отыру арқылы санада негізгі мағлұматтар ұзақ есте сақталу үшін қайталап оқудан гөрі біреуге баяндап берген тиімді. Себебі сөйлеу барысында мида ақпаратты басқа ақпаратпен байланыстыруға тырысамыз. Бұл әдіс мидың мәліметті қабылдап қана қоймай, қайта өңдеуге септігін тигізеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 29 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |