Оқы, оқы және оқы
03/06/2024, 23:43

КЕРЕК МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСТЕ САҚТАУ

Ақпаратты сезім мүшесі арқылы қабылдау

Гумбольдт атындағы Берлин университетінің профессоры Франц Лёзер өзінің «Жадыны жаттықтыру» («Трнировка памяти») кітабында «ақпаратты жақсырақ есте сақтау үшін сезім мүшелерін қолдану керек» дейді.

Адам ақпаратты есту, көру, тыңдау, сипап-сезу арқылы қабылдайды. Әркім өзінің ерекшелігіне байланысты ақпаратты қорытады.

  • Ақпаратты дауыстап оқығанда ақпараттың 10%-ы есте қалады;
  • Ақпаратты тыңдағанда 15%-ы есте қалады;
  • Ақпаратты көру арқылы қабылдасаң 50%-ы есте қалады;
  • Ақпаратты қолмен ұстау, оқиға болған жерге бару, сол ақпаратқа қатысты заттарды шынайы көру ақпараттың 80%-ын есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұл дәлелденген жүйе.

Әрқайсымыз ақпаратты әртүрлі сезім арқылы жақсы қабылдаймыз. Мысалы, бір кісілер естігенін ұмытпайтын болады, бір кісілер көргенінен жаңылмайтын болады. Бізге батырлар жырын, қиссаларды бабаларымыз бірінен бірі тыңдап-ақ жеткізді.

Дегенмен барлық сезім мүшелері арқылы ақпаратты алуға дағдылану қажет. Кітап оқып, подкаст тыңдап, бейне көру арқылы мидың көруге арналған нейрондарын жаттықтырасыз.

Тарихи жерге бару, музей аралау арқылы ақпаратты ұмытпастай есте сақтайсыз.

Айтыс, сұхбат, радио тыңдау арқылы дыбыс арқылы қабылдауға үйренесіз.

Осылайша, бірден барлық сезім мүшелері арқылы ақпаратты толықтай түсінесіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 26 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: