Оқы, оқы және оқы
20/05/2024, 10:11

КЕРЕК МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСТЕ САҚТАУ

Жаңашылдық

Ми жұмысын жақсартудың түрлі тәсілдері бар. Дэвид Рок өзінің «Мозг: инструкция по применению» кітабында «ми қандай да бір жаңашылдықпен танысса, ол дами түседі» деген болатын. бұл тәсіл сананың өзгеше ойлауына жетелейді.

Бір сарынды тірлік істеп, ой ойлап үйренген миға жаңашылдық қиын әрі қызықты. Мәселен, егер сіз бір уақытта екі кітап оқысаңыз, онда екеуін екі түрлі жерде отырып оқығаныңыз жөн. Бір жерде тапжылмастан оқыған мағлұматтар көбіне мида үлкен қиындықпен сақталады.

Жаңашылдық – өзіңізге таныс емес дүниелермен қарым-қатынас жасау. Мысалы, интернеттен өзіңіз мүлде білмейтін «Айдың беті неге тесік?», «Көне ғимараттардың құрылысы қандай?» деген тақырыпта ғылыми мақала оқыңыз. Өзіңізді қызықтырмайтын спорт жаңалықтарын көріңіз. Бұл сіздің миыңыздың қабылдау процесін жаңарта түседі. Сол секілді өзіңізге таныс емес жанрда музыка тыңдау, қимылы қиын би билеу, дәмін татып көрмеген тамақты жеу т.б. жаңашылдықтың барлығы мидың жұмысын дамытады. Бұл әдістер тым қарапайым көрінеді. Тұрақты жаттықсаңыз өз нәтижесін бермей қоймайды.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 31 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: