Оқы, оқы және оқы
13/05/2024, 23:03

КЕРЕК МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСТЕ САҚТАУ

Стэнфорд университетінің нейробиолог ғалымдары ми мүмкіндіктерін зерттейді. Нәтижесінде адам өз миының мүмкіндіктерінің 2 пайызын ғана қолданады екен. Адам егер миының толық мүмкіндіктерін пайдаланатын болса, онда ол 100000 энциклопедиялық кітап, 3 университет материалын және 6 шет тілін жетік меңгере алады деген тұжырым бар. Бұл таңғажайып көрсеткіш, алайда адамдар барлық мүмкіндіктерін бірдей пайдалана бермейді.

Егер сіз есте сақтау қабілетіңізді күшейткіңіз келсе, жаттықтырыңыз.

Сізге әлемнің үздік университеттері мен ғалымдары ми жайлы зерттеу нәтижесінде шыққан кеңестерді ұсынамыз. Кеңестерді үздіксіз іске асыру арқылы ми мүмкіндіктерін одан әрі аша түссеңіз болады.

 

Жазу

2008 жылы Киото университетінде жүргізілген зерттеулер: жазу миды дамытады деген тұжырымға келді. Жазу сізге нақты ойлауды, жылдам атқарылатын істерге қарағанда маңызды істерді ойлауға, зейінді шоғырландыруға өз көмегін тигізеді.

Осы зерттеуде парақ бетіне жазу стресстік жағдайларды алдын-алатыны белгілі болды. Қаламмен жазу барысында ми тынығады.

Сонымен қатар күнделік жазудың да өзіндік пайдасы бар. Невропатолог джуда Уилмс: «Үздіксіз күнделік жазу мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жүйелей алу қабілетін жақсартады», - деп тұжырымдады.

Жазу – мидың ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін дамытады. Сонымен бірге адамның логикалық ойлау мен есте сақтауына беретін мидың сол жақ жарты шарының қызметін жақсартады.

Өз ойыңызды, миымызды дамыту үшін жазумен шұғылданайық.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 36 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: