Оқы, оқы және оқы
06/05/2024, 10:37

ОҚЫҒАН КІТАПТЫ ҰМЫТЫП ҚАЛМАУДЫҢ 4 ТӘСІЛІ

3. Ассоциациялар

Кітаптағы мәліметті есте сақтау қажет болса, есте сақтау керек ақпарға байланысты белгілі бір бейнені ойлап табуға тырысыңыз. Кітаптағы әрқилы оқиғаларды өміріңізбен және басқа да естеліктермен салыстырсаңыз есте сақтау қабілетіңіз бірнеше есе артады. Кітаптағы әр кейіпкерді өз өміріңіздегі дос, туыс, жақындарыңызбен ұқсастырып отырыңыз. Кейіпкердің аты-жөні, жасы, мінез-құлқы сізге немесе достарыңызға ұқсайтын болса, шығармаға қызығып қана қоймай оны тез арада есте сақтайсыз.

 

4. Дайындық

Оқығалы жатқан кітабыңыз жайлы фильм, театрда қойылым болса міндетті түрде көріңіз. Сізге сол кітаптың маңыздылығын түсіндіріп береді. Кейіпкерлерге жан бітіп, сізге ерекше әсер сыйлайды. Кітаптағы ақпараттарды есе сақтауыңызға өз әсерін тигізеді. Мысалы, Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» шығармасын оқымас бұрын мүмкіндік болса театрдан осы шығарма желісінде сахналанған қойылымды көріп алса. Қойылымды көріп барып, кітабын оқуға құлшыныс арта түсері анық.

Әрбір кітапқа арналған қойылым, фильм бола бермеуі мүмкін. Алайда кітапты жазған автордың сұхбатын, мақаласын, ойларын оқу арқылы шығармаға деген қызығушылығыңызды арттырып аласыз. Мәселен, ақселеу Сейдімбек, Әбіш кекілбаев, Қадыр Мырза Әлидің сұхбатын көріп, шығармаларын оқуға шешім қабылдаса нұр үстіне нұр болар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 32 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: