Оқы, оқы және оқы
29/04/2024, 22:43

ОҚЫҒАН КІТАПТЫ ҰМЫТЫП ҚАЛМАУДЫҢ 4 ТӘСІЛІ

«Кітап оқығанда жақсы көремін, бірақ көбісін ұмытып қаламын. Ұмытып қалғасын қайта-қайта оқып уақыт жоғалтамын» деген пікірді көп естиміз.

Кітап оқығанда ондағы ақпараттар мен кеңестер өмірлік қағидаларымызға айналғанын, керек сәтте ондағы білімді қолдана білуді қалаймыз. Алайда қолымыздан келмей жатады.

Кітаптағы ақпаратты есте сақтамас бұрын, мына жағдайға назар аударыңыз.

Кітаптағы ақпараты толығымен есте сақтау

Кітапты толық оқып, оқығанның бәрін түсінуім керек, ұғынуым керек, жаттап алуым керек деген қате түсінік. Олай жасау адам өмірін қиындатады. Кітаптан өзіңіз қажетті ақпаратты ала алсаңыз, оны өмірде қолдана алсаңыз сол жеткілікті.

Оқыған кітапты жадыға сақтаудың 4 тәсілі бар:

 

1. Кітаптан алған әсеріңіз

Кітаптан ұмытпастай әсер алсаңыз, ондағы ақпаратты есте сақтау өте оңай болады. Мысалы, ашаршылық зұлматы жайлы көркем шығарма оқысаңыз, ондағы елдің қиналғаны, елге көмек көрсеткен кейіпкерлердің ісіне сүйсінсеңіз оларды ешқашан ұмытпайсыз. Эмоциямен қабылданған ақпарат мидың тікелей ұзақ жадысына жазылады.

Бұл тәсілдің ерекшелігі: кітаптан алған әсеріңізді жазып қойыңыз. Ал жазылған ақпаратты ми ешқашан ұмытпайды.

 

2. Мерзімді қайталау

Кітапты бір рет оқығанда, кітаптағы ақпараттың 25%-ын ғана түсіне аласыз.

Ал егер оны бірнеше мәрте оқысаңыз, одан да көбірек түсінесіз. Әрбір қайталап оқыған сайын сіз кітаптағы әрбір детальды ұғынасыз. Қайталау – білім айнасы. Қайталау дегеніміз кітапты үтір, нүктесіне дейін қайталау емес. өміріңізге қажет болатын тұстарын қайталап тұрыңыз.

Кітаптағы сөз тіркестерін, оқиға желісін өзге жандармен бөлісіп тұрыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 33 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: