23/04/2024, 22:49 | |
ФОТО ОҚУ Фото оқу – жылдам оқу машығының соңғы деңгейі. Фото оқу – мәтінге қарап бірден түсіну әдісі. Фото оқуды меңгерген адамдардың орташа жылдамдығы минутына 25000 сөз. Фото оқу машығын үйрену үшін вертикальді оқу мен тігінен оқуды еркін жасай алу керек. Кітап бетіне бір қарап 4-7 жолды бірден көрсеңіз сіз фото оқу деңгейіне жеткеніңіз. Фото оқу кітап бетіне бір қарап ондағы мәнді түсіну әрі есте сақтай алу қабілеті. Фото оқуды меңгерген адамдарда көз жадысы жақсы жұмыс жасайтын болады. Көргенін, оқығанын ұмытпайды. Орындалу шарты: мәтінің орасындағы сөзге бір қарап мәтінді толық көру және түсіну қажет. Ең алғаш бастағанда 5-6 сөйлемнен тұратын мәтідндермен жаттыққаныңыз абзал. Көзіңіз әбден үйренгесін кітап беттеріне жасай беріңіз. Мәтіннің дәл ортасындағы сөзді жасыл бояумен бояғаныңыз жөн. Себебі көз жасыл түске қарағанда көлемі ұлғайып, демалады. Фото оқу әдісімен оқу жылдам оқу машығының шыңы. Фото оқу әдісін меңгеру үшін үздіксіз жаттығу жасау қажет. Сонымен бірге бұл қабілетті бойда ұстап тұру үшін де жаттығуды тоқтатпау керек. Егер бұл тәсілмен оқуды бірнеше айға үзсеңіз, көзіңіздің көру аймағы кішірейіп фото оқу қабілетінен айрыласыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |