15/04/2024, 22:45 | |
ТІГІНЕН ОҚУ Вертикальді оқу әдісін меңгергеннен кейін сізде тігінен оқу деңгейі пайда болады. Тігінен оқу – мәтіннің әр жолына 1 рет тоқтау. Кітаптың бір бетінде 42 жол болса, 42 рет кідіріс жасау. Сіз алғашында әр сөзге жеке-жеке кідіріс жасайтынсыз, тігінен оқу арқылы түгел жолға 1 мәрте кідіресіз. Кітап бетін бірден тігінен оқуға тырысудың қажеті жоқ. Жаттығуды тар мәтінмен, мысалы, өлең жолдарымен бастаған жөн. Орындалу шарты: өлеңдер кітабын алыңыз (Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін алуға кеңес береміз). Оқуды бастаңыз, көзді тек жолдың ортасына бағыттап, бүкіл жолды көзіңіздің көру аймағы арқылы қамтуға тырысыңыз. Мәтіннің ортасын қаламмен жүргізуге болады. Егер жаттығу қиын болып көрінсе, қысқа буынды өлеңдерді алыңыз. Қайталап айтамыз, тігінен оқу тәсілін өлең жолдарынан бастаған жөн. Өлеңдермен тұрақты жаттығып нәтиже шығарып, кейін кітап бетімен жұмыс жасауды үйреніңіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 38 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |