08/04/2024, 11:46 | |
ДИАГОНАЛЬДІ ОҚУ ТӘСІЛІ Шульте кестесі мен топтастырып оқу тәсілімен жиі айналысып жүрсеңіз, сіздің көру аймағыңыз едәуір ұлғайды. Жылдам оқудың келесі деңгейі ол – диагональді оқу әдісі. «Диагональді оқу» жылдам оқудың кең таралған әдістерінің бірі. Диагональді оқу әдісімен Владимир ильич Ленин кітап оқыған. Бұл туралы жазбаша дәлелдер сақталған. Максим Горький мен басқа да жылдам оқитын тұлғаларға өз көмегін тигізген тәсіл. Қолдану ережесі: мәтінді диагональді немесе зиг-заг түрінде оқу. Қолыңызға тілі жеңіл кітап алыңыз. Алғашқы жолда неше сөз барын анықтаңыз. Көбінде кітаптың бір жолында 8-10 сөз болады. Алғашқы жолға 2 рет кідіріс жасайсыз. Тұтас жолды 2 бөлікке бөліп көресіз. Екінші жолды 1 рет қарайсыз. Үшінші жолды екі бөлікке бөліп, төртінші жолды 1 рет қарайсыз. Дәл осы ретпен оқуды жалғастыра бересіз. Алғаш жаттықанда мәтіннің мәнін түсінбей қаласыз. Жатығуды жалғастыра беріңіз. Жаттығуды жиі жасаған сайын, соғұрлым мәтінді түсіну деңгейіңіз артады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |