Оқы, оқы және оқы
01/04/2024, 10:21

ШЫРША ТӘСІЛІ

Жылдам оқуды алғаш үйреніп жатқанда тілі жеңіл кітаптармен жұмыс жасаған абзал. Мысалы: ертегі кітаптар, мотивациялық кітаптар, өзіңіз жетік білетін саланың кітаптары.

Неғұрлым кітаптың тілі жеңіл болған сайын жылдам оқуды тезірек үйренесіз. Сіз танысқалы отырған тәсіл де тілі жеңіл кітаптарға жасалатын тәсіл. Бұл әдіске көшпес бұрын шульте, топтастырып оқу тәсілдерін меңгеріп алыңыз.

Шырша әдісі – көздің көру аймағын кеңейтуге арналған. Сөздер әр жолға бірінен-бірі ұзын боп бөлініп орналасқан. Шырша іспеттес. Орындалу ережесі: мәтінді жоғарыдан төмен қарай оқып шығу. Бір жолды бір қарағаннан көруге тырысу қажет.

Жазу –

жаңа затты

үйренудің ең оңай жолы.

Керек ақпаратты көшіріп

жазу – оны есте сақтаудың

бірден-бір әдісі. Қолмен жазу

процесі сол ақпаратты сүзгіден

өткізіп, оны маңызды деп санап,

ұзаққа есте сақтайды. Жазу ойды

тұжырымдайды. Көптеген әйгілі жазушы

туындыларын компьютермен емес, қолмен

жазғанды ұнатады. Ең болмаса алғашқы

идея мен сюжетті қағаз бетіне қолмен түсіру

арқылы ойды тиянақтай алады. Жазу барысында

керекті ойлар тезірек келіп, жеңілірек баяндалады.

Сондай-ақ ойдың жылдамды-

ғы мен жазу жылдамдығы

бірдей болады, ал компьютерге терілген сәтте ой

шатаса бастайды. Жазу барысын-

да артық алаңдамайсыз.

Қолмен жазу мен компьютер-

ді салыстыратын болсақ,

қолмен жазу басқа ой мен сыртқы дүниелерге алаң-

дауға жол бермейді. Ал компьютермен жазсаңыз,

интернетке, видеоларға көңіл аударып, ойыңыз-

ды толықтай жаза алмай қалуыңыз мүмкін.

Жазу – ми жаттығуы. Осы жатты-

ғу арқылы миыңыз қартаюдан

сақтана алады. Жазу барысы ойды үшкірлеп, еске де

жақсы әсер етеді. Сондай-ақ қолмен жазу арқылы

жаңа тілді үйренген оңайырақ екені дәлелденген.

Мәтінді еркін қабылдадыңыз деген ойдамыз. Шырша іспеттес түзілген мәтіндермен 3-4 апта тұрақты жаттығыңыз. Көзіңіздің көру аймағы ұлғаяды. Әрі шапшаңдыққа үйренесіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 36 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: