25/03/2024, 21:47 | |
СӨЗДЕРДІ ТОПТАСТЫРЫП ОҚУ Кітап оқығанда сөзден-сөзге секіріп оқимыз. Секіру уақыты 0,3-0,5 секундты құрайды. Былай оқығанда көбірек уақыт жоғалтамыз. Әрі тиімсіз оқу жүйесі. Мектеп кезінде бізде мынадай қалыптасқан. Кітапты барынша мұқият әрі асықпай оқитын болсақ көбірек есте сақтаймыз деген. Былай оқу кітап мәнін түсінуге кедергі келтіреді. Нейробиолог ғалымдардың зерттеуінше кітапты неғұрлым тезірек оқысақ, соғұрлым көбірек есте сақтаймыз. Мектеп кезінде қалыптасқан оқу жүйесін тағы бір мәрте еске алып тексеріп көріңіз. Төмендегі сөйлемді асықпай әрі мұқият оқыңыз: <<Таң ертең аш қарын ға бал жеу есте сақ тау қабі летін артты рады. Әрі адам ағ засын та зар та ды. Сиыр сү тін жиі ішу ол жүрек ті қайрат тандыра ды. Ұмыт шақ тық ты кетіре ді.>> Өзіңіз байқағаныңыздай былай оқу миды жалықтырады. Егер ылғи осылай баяу оқитын болсаңыз, онда миды баяу қабылдауға бейімдеп тастайсыз. Сіз асықпай оқыған сайын миыңыз ұйқыға кете бастайды. Көп оқырманның кітап оқығанда ұйқым келеді дейтіні сондықтан. Кітап мәтіндерін топтастырып оқуға дағдыланыңыз. Топтастырып оқу кезінде ми ақпаратты еркін қабылдайды. Әрі мәтінмен жұмыс жасау ыңғайлы. Сізге «ми жұмысын жақсартатын тағамдар» тақырыбындағы мәтін дайын қойдық. Ол мәтіннің ерекшелігі – сөздер топ-тобымен берілген. Қалай топталып берілсе солай оқыңыз. Күнделікті тұтынатын азық-түлік құрамында адам ағзасына пайдалы түрлі дәрумендер болады. Соның ішінде миға пайдасы бар азық та болуы керек. Біз тұтынатын азық-түліктің кейбірі миға пайдасы болса, кейбірі зиян екен. Сарапшылар оны үш топқа бөлген:
Бірінші топқа: жаңғақ, балық пен теңіз өнімдері, зәйтүн майы, көкөністер мен жеміс-жидектер кіреді. Бұл өнімдер миға оң әсер ететіндіктен, оларда сақталатын дәрумендер мен микроэлементтердің көп болуына байланысты мүмкіндігінше тұтыну маңызды. Екінші топқа жеміс-жидек, майсыз сүт өнімдері, құс еті мен жарма өнімдерін қосамыз. Бұларды күнделікті тұтынудың қажеті жоқ, бірақ олар мидың қызметіне оң әсер етеді. Ал үшінші топқа мамандар тек, миға ғана емес, сонымен бірге бүкіл ағзаға зиян келтіретін – қуырылған тағамдар, қызыл ет, майлы сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар мен тұзды жатқызған. Бұлай оқу сізге оңайға соққанын білеміз. Себебі адам миы минутына 1000 сөзді еркін қабылдайды. Жалықпай, ұйқы келмей т.б. кедергіге ұшырамай оқиды. Бұдан кейін қолыңызға кітап алып, мәтіндегі сөздерді 2-4 сөзге бөліп топтастырып оқыңыз. Топтастырып оқуға үйренгенше кітап мәтінін карандашпен бөліп алсаңыз болады. Кейін мәтінді ойша бөліп тастайсыз. Жаттығуды жасай келе кітаптағы сөздерді топтастырып көруге миыңыз дағдыланады. Сөздерді топтастырып оқу арқылы оқу жылдамдығыңыз 3-4 есеге артады. Бұрын сіз кітаптың бір жолында 12 сөз болса, 12 рет секіретін едіңіз, топтастырып оқу арқылы 3-4 рет секіресіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 41 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |