Оқы, оқы және оқы
26/02/2024, 08:33

ЖЫЛДАМ ОҚУҒА ҚАЖЕТТІ 2 ДАҒДЫ

Миды не үшін жаттықтыру қажет?

Кітаптағы ақпаратты көз арқылы қабылдап, өңдейтін, есте сақтайтын ми. Біздің осы күнге дейін оқыған кітаптарымыз ми бөліктерінде сақтаулы болады. Өмірде шешім қабылдағанда, сөйлеу барасында, ойланғанда осыған дейін оқыған ақпараттарымыз өз үлесін тигізеді.

Ғалымдар адам миы дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін қарқынды дамитынын айтқан. 1-7 жас аралығында ми әлсін-әлсін дамиды. Сол уақытта мидың барлық функциясы іске қосылады. Сол себепті баланы мектепке 7 жастан бастап қабылдайды.

7 жастан әрі қарай адам миын өзі дамытып, жаттықтырып отыруы қажет болады. Миды жаттықтырудың ең басты құралы кітап оқу.

Ми тұрақты жаттықтырып тұруды қажет ететін ағза. Кітаптағы ақпаратпен жұмыс жасауға мидың 2 бөлігі қатысады. Мидың шүйде бөлігі ақпаратты қабылдап, өңдейді. Мидың шүйде бөлігі ақпаратты қабылдап, өңдейді. Самай бөлігі сол ақпаратты есте сақтайды.

Ми минутына 1000 сөзді қорытып, есте сақтауға қабілетті. Алайда біз 1 минутта 100-120 сөз оқып мидың осынша қабілетін шектейміз. Мидың күші минутына 1000 сөз оқуға жете тұра 120 сөз оқып жалықтырамыз. Кітап оқығанда ойдың бөлініп кететін, есте сақтай алмайтынымыз содан. Ми кітап оқудан жалықса, сізге келесіде кітап оқымас үшін түрлі сылтаулар тауып береді.

Бұл кедергілер болмас үшін мидың қабылдау жылдамдығы мен адамның оқу жылдамдығы тең болу қажет. Жылдам оқығанда ми өзін еркін сезінеді. Ақпаратты өзінің жылдамдығында қабылдап, өңдей алады. Жылдам оқу мидың еркін әрі жалықпай жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Миды дамыту арқылы кітаптағы ақпаратты ұзақ жадыға сақтауды үйренеміз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: