Оқы, оқы және оқы
19/02/2024, 14:14

ЖЫЛДАМ ОҚУҒА ҚАЖЕТТІ 2 ДАҒДЫ

Жылдам оқу кітапты әдеттегіден жылдам әрі түсініп оқу қабілеті. Кітапты жылдам оқу арқылы мәтінмен тиімді жұмыс жасаймыз.

Кітапты жылдам оқуға адамның екі бірдей ағзасы қатысады:

  1. Ми
  2. Көз

Егер осы екі бірдей ағзаны тұрақты жаттықтырсақ, жылдам оқу оңай бола түседі.

 

Көзді не үшін жаттықтыру қажет?

Сіздің көзіңіз – ақпаратты өңдеуге, есте сақтауға таптырмас құрал.

Ғылыми дәлелдерге сүйенсек, адам көзі 1 секундта бір миллиард ақпарат қабылдап үлгереді. Кітапты оқитын көз емес. көз – миға ақпаратты жеткізетін құрал. Көз миға барлық ақпаратты сурет ретінде жібереді. «Кітап оқып отқанда көзіме барлық оқиға елестеп тұрады» деп айтатын оқырмандар көп. Міне, соның себебінен. Бұл барлық оқырманда болатын жағдай.

Біз қабылдайтын ақпараттардың 80%-ы көзіміз арқылы келеді. Сондықтан көздің осы қасиетін пайдаланып, көзді жылдам оқуға машықтандыруымыз қажет.

Қарапайым оқырманның көзінің көру аймағы тар. Кітапты жылдам оқу үшін көзіміздің көру аймағын кеңейтуіміз қажет. Біз әдетте кітапқа қарап, әр жолдан тек 1 сөзді көреміз. Ол сөзді оқып болған соң екінші сөзге секіреміз. Сәйкесінше, солай жалғаса береді. Біз бір сөзден екінші сөзге секіру үшін 0,3-0,5 секунд уақытымызды жоғалтамыз.

Айталық, жай ғана сөзден сөзге секіру үшін 2 секунд уақыт кетіп қалды делік. Зерттеулер дәлелдегендей: 300 беттік кітапты оқу барысында оқырман 1,5 сағатын сөзден сөзге секіру үшін жұмсайды.

Көзіміздің көру аймағын кеңейтетін болсаңыз 5-7 сөзді бірден көруге мүмкіндік туады. Әрі сөзден сөзге секіру үшін уақыт жоғалтпайсыз.

Көздің көру аймағын кеңейтуге арналған арнайы жаттығулар да бар.    

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 35 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: