КІТАПТЫ ЖЫЛДАМ ОҚУҒА АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК
- Бұрын оқыған кітабыңды оқу. Бұрын оқып кеткен кітапты қайта оқысаңыз еріксіз түрде жылдам оқисыз. Себебі ондағы сөздер сіздің түпсанаңызда сақтаулы болады. Әр сөз таныс болады. Бұрын оқыған кітапты жиі оқып миды жылдам оқуға машықтандыру қажет. Бұл бір жағынан жылдамдыққа тәрбиелесе, бір жағынан есте сақтауды күшейтеді.
- Көзбен оқу: тек көзбен оқуды бастаңыз, әдетке айналдырыңыз. Негізі кітапты адамның көзі емес, шүйдеде орналасқан ми бөлігі оқиды. Көз тек ортадағы өткізгіш қызметін атқарады. Ал көз секундына 1 миллиард ақпаратты қабылдай алатын қабілетке ие. Былайша айтқанда, адамның көзі минутына 1000 сөзді оңай оқи алады. Күн сайынғы жаттығулардан кейін көзбен оқудың жылдамдық пен ьүсінікке пайдалы екенін байқайсыз. Дауыстап оқығанға қарағанда көзбен оқығанда 10 есе жылдам оқи бастайсыз.
- Маңызды сөздерді іздеу. Кез келген мәтінді «және», «да», «де», «мұнымен қатар», «сонымен» секілді шылаулар мен қыстырма сөздерді оқымай кету арқылы мәтін көлемін қысқарта аласыз. Оқу барысында тек «маңызды» сөздерді ғана көруге тырысыңыз. Олар зат есім, етістік, сын есім болуы мүмкін.
- Алғашқы мақсатыңыз. Әр жаңа жолдың алғашқы сөйлеміне ерекше мән беріңіз. Шындығында, жақсы жазушы барлық ойын жаңа жолдың алғашқы сөйлемінде жазып, қалғанын сол сөйлемдегі мағынаны дамытуға арнайды. Басқаша айтқанда, азат жолды толық түсіну үшін, алғашқы сөйлеміне мән берсеңіз болды.
- Бағыттаушыларға қараңыз. «Бұдан өзге», «мұнымен қатар» сынды қыстырма сөздер екі мақсатта қолданылады. Біріншіден, осыған дейінгі ойды нақтылай түсу үшін, екіншіден, қосымша мәлімет беру үшін. Ал «осыған сәйкес», «сондықтан» сөздері нәтижені білдіреді.
баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|