Оқы, оқы және оқы
05/02/2024, 09:12

КІТАПТЫ ЖЫЛДАМ ОҚУҒА АРНАЛҒАН 10 ЛАЙФХАК

  1. Карандашпен оқу: Мәтіннің әр жолын карандашпен жүргізіп отырыңыз. Көзіңіз карандашқа еріп отыратындай болуы тиіс. Басында баяу қарқынмен бастап көріп, көзіңіз үйренген сайын жылдамдықты үдете беріңіз. Ішкі жылдамдығыңыз артқан сәтте, сана сүзгісі де жетіледі. Яғни карандашқа ерген көз арқылы іштей оқу жүйесі мызғымас қалыпқа түседі. Алғашқы уақытта бұл тәсіл оғаш көрінуі мүмкін, бірақ бейімделген сайын оқу жылдамдығы біршама артады.
  2. Жаңылтпашты күнделікті оқу: Жаңышлпашты күнделікті оқу – оқу жылдамдығын арттыруға көмектеседі. Себебі жаңылтпаштағы сөздер бір-біріне ұқсас болғандықтан ол сөздерді ажыратуға көз үлкен күш салады. Жаңылтпашпен жұмыс жасап үйренген көз қарапайым кітап бетіндегі мтәінді тезірек оқиды. Жаңылтпашты оқығанда оймен оқисыз. Сізден ешбір дауыс шықпауы тиіс. Жаңылтпаштың тағы бір қасиеті сөздік қорыңызды көбейтуге таптырмас құрал.
  3. Сүзгі тәсілі: Оқығалы жатқан кітабыңызға 5-6 сұрақ қойып алыңыз. Сол сұрақтың жауабын іздеу үшін кітапты оқыңыз. Адам кітапты қарапайым оқуға қарағанда сұрақты іздеу арқылы шапшаң оқиды. Мысалы: «Дайағашы» кітабынан «дайағашы» сөзінің мағынасын іздедік делік. Кітапты алып парақтағанда, бір қарағаннан-ақ сол бетте «Дайағашы» сөзі бар-жоғын түсінуге болады. Бетті парақтап көзіңізбен шапшаң іздей бастайсыз. Бұл тәсіл сізге жылдамдық пен түсінікті қатар қалыптастырады.
  4. Теріс қаратып оқу: Кітапты жоғарыдан төменге айналдырып, теріс қаратып оқыңыз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бірақ кейіннен миыңыз бұл қалыпқа да үйренеді. Мәтінді қаншалықты қиындатсаңыз соншалықты тезірек оқитын боласыз. Кітапты теріс қаратып оқуға көз тез үйреніп алады. Содан кейін оң қаратып оқысаңыз сөздер еркін әрі тез оқыла бастайды. Бұл тәсіл тез бейімделуге, шапшаң болуға көмектеседі.
  5. Көп оқу: Мәтінді мейлінше көп оқысақ жаңа сөздермен таныс боламыз. Адамның көзі таныс емес сөздерге көп уақыт кідіріс жасайды. Ал таныс сөздерді бір қарап, түсініп өте шығады. Көп сөзбен таныс болсақ оқу жылдамдығымыз да 4-5 есеге артады. Көп сөзбен таныс болу үшін кітапты көбірек оқу қажет. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 41 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: