Оқы, оқы және оқы
29/01/2024, 09:41

ЖЫЛДАМ ОҚУҒА КЕДЕРГІ ӘДЕТТЕР

Дауыстап оқымаңыз: оқу жылдамдығын баяулататын фактордың бірі – сөздерді дауыстап оқу. Кітапты дауыстап оқысаңыз 280-300 сөзден аса алмайсыз. Дауыстап оқу арқылы кітаптағы ақпараттың 20%-ын ғана түсінесіз. Дауыстап оқу әдетін доғарып көзбен оқуды бастаңыз. Әдетке айналдырыңыз. Жаттығу жасай келе дауыстап оқудың аса қажет емес екенін байқайсыз. Дауыстап оқығанға қарағанда көзбен оқығанда 10 есе жылдам оқи бастайсыз.

Қайталап оқуды доғарыңыз: оқып кеткен жолдарға қайтадан көз жүгірту оқу процесін баяулатады. Мұндай жағдай кітаптың әр бетінде болып тұрады. Мысалы, көзіңіз кітапта, ал ойыңыз басқа жақты кезіп жүр. Таныс жағдай ма, иә? Сол сияқты қайталап оқып отырмас үшін, жаттығу керек: кез келген шағын мақаладағы сөздерді қайта оқымай, үзбей оқып шығыңыз. Біраз шындалып алған соң, көлемді кітаптарға көшіңіз. Бұл әдеттен карандаштың көмегімен арылуға болады: карандашты жол бойымен жүргізіп отыру керек. Сонда көз карандаштың ізімен қозғалып, оқылған сөйлемдере қайтып оралмайды. Карандашты сіздің оқу жылдамдығыңыздан жылдамырақ жүргізген абзал. Жүргізілген зерттеулер мен тәжірибе нәтижесінде – қайта оқылған ақпарат кітаптың мазмұнына әсер етпейтіні белгілі болды. Оны оқымай өткен оқырман еш нәрсе жоғалтпайды. Себебі әр оқылған ақпарат адам миының түпсанасында сақталады.

Ішкі дауыспен оқымаңыз: ішкі дауыс – сізден ешбір дауыс шықпайды, бірақ оймен дауыстап оқисыз. Мәтінді оқығанда, оны іштей оқуды ұмыту керек. Ьұл әдет сізге мектеп кезінде, енді оқып үйреніп жатқанда қалыптасты. Көп оқырманда оқып жатқан мәтінді іштей қайталау әдеті бар. Сөзді ойда айтуды «субвокализация» дейді және ол оқу жылдамдығын қатты тежейді. Ішкі дауыс болмаса кітапты оқымай жатқан секілдісіз. Оның жылдамдығы, әдетте, кәдімгі сөйлегендегіміздің жылдамдығымен бірдей. Ішкі дауыстан арылудың ең тиімді тәсілі кітапты көзбен оқу. Көзбен оқу алғашында қиындық тудырады. Жаттыға келе үйренесіз.

Көзбен оқуды алғашында тілі жеңіл кітаптан бастаған жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: