Оқы, оқы және оқы
08/01/2024, 10:38

ЖЫЛДАМ ОҚУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жылдам оқу – ол әдеттегіге қарағанда тезірек оқу емес. жылдам оқу – оқығанды түсіну, есте сақтау. Оқырманның 90%-ы жылдам оқу мен асығып оқуды шатастырады.

Асығып оқу – кітапты асығыс-үсігіс, мәніне бойламай оқу. Ал жылдам оқу кітаптың мәнін тезірек түсінуге мүмкіндік беретін дағды.

Нейробиологтардың зерттеуінше (миды зерттейтін ғалымдар): адам неғұрлым кітапты жылдам оқыса, соғұрлым ол адамның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайтынын дәлелдеді. Қарапайым оқырман кітап бетіне қарағанда он әріпті, кейбіреулер екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын оқырманның мүмкіндіктері жоғары. Ол кітапқа бір қарағанда 8 немесе 15 сөзді бірден көре алады.

Ақырын оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 20 пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңеді.

Сондай-ақ зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтаған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: