02/01/2024, 20:53 | |
ОҚЫРМАНҒА 14 КЕҢЕС 10. Шамаңызды біліңіз Сіздің күш-қуатыңыз қанша бет оқуға жетеді. Анықтаңыз. Мысалы, сіз күніне 53 бет кітап оқисыз. Күнде 53 бет кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Тұрақты түрде. Қатты оқығаныңыз келіп бара жатса да, 53 беттен соң тоқтатыңыз.
11. Тізім Оқылған кітаптардың тізімін жасап отырыңыз. Бұл сізде серотонин гормонын тудырады. Тізімді көрген сайын кітап оқуға деген құлшыныс арта түседі.
12. Әуен қосыңыз Кітап оқығанда әуен қосып қойыңыз. Күнделікті тыңдайтын әуеніңіз емес. YouTube-қа «музыка для чтения» деп жазыңыз шығады. Миды тынықтыруға арналған әуендер қосылады. Сізді кітап оқығанда, әуен арқылы шабыттандырып отырады.
13. Конспект жазу Оқыған кітаптарға конспект жасап, жиі оқып тұрыңыз. Себебі ол жаңа кітап оқуға шабыттандырады. Әрі оқыған кітаптарыңызға конспект жасау ондағы ақпараттың есте сақтап қалуыңызға көмектеседі.
14. Жаңа кітаптармен таныс болыңыз. Кітап оқуға қызығушылықты арттырудың бір жолв жаңа кітаптармен таныс болу. Жаңа кітаптарды ылғи бақылап, қарап жүріңіз. Күнде шығып жатқан кітаптары назардан тыс қалдырмау үшін, Amazon’e немесе т.б. сайттардың жаңалықтарына тіркеліп қойыңыз. Күнделікті шыққан кітаптардың тізімі хабарлама болып келіп тұрады. Қазақша жаңа кітаптармен kitap.kz, kitapal.kz, qazyna.kz сайттары арқылы таныса аласыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |