Оқы, оқы және оқы
26/12/2023, 11:01

ОҚЫРМАНҒА 14 КЕҢЕС

5. Оқығаныңды жазып отыру

Жүйелі түрде оқысаңыз, санаңызда шашылып жатқан құнды мағлұматтарды жинастыру қажеттілігі туындайды. Сол үшін жазған дұрыс. Жеке күнделігіңізге ой салатын қанатты сөздерді жазып, есте сақтаңыз. Оқып шыққан кітабыңыз жайлы пікіріңізді әлеуметтік желіде бөлісіңіз. Бұл арқылы сіздегі пайдалы ақпараттың қоры толыға түседі. Сонымен қатар, достарыңыз үшін де пайдалы болары анық. Пікіріңді білдіру үшін жазушы болудың қажеті жоқ.

 

6. Қажет тұсын қайта оқу

Оқып шыққан кітабыңыздың белгілеп қойған тұстарын қайта оқып шығыңыз. Бұл жүйе арқылы кітаптың пайдалы тұстары мен негізгі ойы үнемі жадыңызда жаңғырып тұрады.

 

7. Белсенді түрде оқу

Қандай да бір мәтінді оқығанда маңызды тұстарын белгілеп, астын сызып, оған пікір қалдырып отыру керек. Бұл сізге материалды жақсы түсінуге және ойыңыздың жинақы болуына септігін тигізеді.

 

8. Техникалық құжаттарды оқу кезінде сөздіктерді қолдану

Егер сіз қиын техникалық кітаптарды көп оқысаңыз, сөздік қолданыңыз. Кейбір тіркестерді өз сөзіңізбен жазып қойыңыз. Бұл сізге сөзді немесе тіркесті оңай әрі тез еске сақтауға көмектеседі.

 

9. Егер әлі оқушы не студент болсаңыз

Кітап оқуға қызығушылығыңыз енді оянса, онда кез келген кітапты таңдамай оқи беріңіз. Ерте ме, кеш пе талғамыңыз қалыптасып, не керек екенін нақты білетін боласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 40 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: