19/12/2023, 09:34 | |
ОҚЫРМАНҒА 14 КЕҢЕС 1. Кітаптар тізімін жасау Оқып болған кітаптарыңыздың тізімін жазуды дағдыға айналдырыңыз. Біз көп жағдайда сатып алған кітапты біо оқығаннан кейін сөреге қоюмен шектелеміз. Екінші рет қайта оқуға құлықтылардың қатары көп емес. Сондай-ақ, тым көп кітап сатып алудың да қажеті жоқ. Біреу-екеу алсаңыз, жеткілікті. Қалған кітаптар күте тұрсын.
2. Кітаптың авторы жайлы мағлұмат алыңыз Кітапты оқымастан бұрын, авторы жайлы аз болса да мағлұмат білген жөн. Кітаптың қысқаша мазмұнымен танысып шығу да артық етпейді. Алдын ала бұл кітаптан не күтетіңізді жазып қойыңыз. Мәселен, белгілі бір салаға қатысты (журналистика, психология) кітап оқыдыңыз делік. Бұл кітапты оқу арқылы қандай сұраққа жауап алғыңыз келеді? Ұмытпай тұрғанда сұрағыңызды дәптерге түртіп қойыңыз. Осындай мақсаттағы әрекеттер кітап мазмұнын көпке дейін есте сақтауға көмектеседі.
3. Күніне 30 беттен кем оқымау Әр адамның өз оқу жылдамдығы бар. Біреулер бір кітапты айлап оқиды. Ал енді біреулерге бір кітапты аяқтауға бір апта жеткілікті. Сіз өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз. Десе де, ең тиімдісі – күніне 30 бет оқу. Бұл үшін әрі кетсе 1 сағатыңыз кетер. Осылайша, сіз бір кітапты бір аптада бітіресіз. Яғни бір жылда 60 кітапты оп-оңай оқи аласыз.
4. Жанрларды араластыру Әр адамның жанына жақын өзі сүйіп оқитын жанры бар. Егер сіз тек бір бағыттағы кітапты оқи берсеңіз, ерте ме, кеш пе түбі жалығасыз. Мұндай жағдайда жанрды ауыстырып отыруға кеңес береміз. Мәселен, фантастикалық кітаптарды жақсы көрсеңіз, классикамен уақытша алмастыра тұрыңыз. Кітапты араластыру арқылы миыңызды шынықтырып қана қоймай, ойлау деңгейіңізді дамытасыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 45 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |