Оқы, оқы және оқы
10/12/2023, 22:28

КІТАПТАРҒА ЕРКІНДІК СЫЙЛАУ

«Буккроссинг» дегеніміз – ағылшын тілінде «кітаптың азат етілуі, кітаптың айналыста жүруі» деген мағына береді.

Буккроссингке қатысушы оқырманды «буккроссер» деп атайды. Буккроссер өзі оқып біткен кітабын адам көп жүретін жерге тастап кетеді. Мысалы: паркке, кафеге, вокзалға, автобус аялдамасына не метроға әдейі тастайды. Оны басқа адам тауып алып, оқып болған соң, ол да әдейі көпшілік жүретін жерге ұмыт қалдырады.

Кітаптың бірінші бетіне кітапты қалдырған адам хат жазады:

«Құрметті жан. Сен ерекше кітаптың уақытша иесі атандың. Оның ерекшелігі сол – әлемде еркін айналымда жүрген кітаптың біреуі. Дүние жүзінде бұндай керемет кітапты кез келген адам оқысын деп, қоғамдық орындарда әдейі ұмыт қалдырады. Сіз де осы әдісті қолданып көріңіз»

Біреу кітапты метрода қалдырса, оны біреу өзімен алып кетеді. Оның қалдырғанын басқа біреу алып кетеді. Солай-солай кітап шаң баспай, қолдан-қолға кете береді. Кітапқа да, оқырманға да пайдалы.

Бұл идеяны 2001 жылы программист маман Рон Хорнбекер ойлап тапқан. Ол ең алғаш өзінің қонақ үйіне ішінде хат жазылған 20 кітап қалдырған. 6 айдан соң 300-ге жуық оқырман кітапты қолдан-қолға ауыстырған. Қазір бүкіл әлемде бұл жобаны 1 млн 100 мың адам қолданған.

Айналымдағы кітаптар саны 9 миллионға жеткен.

Бұл жоба көршілес Ресейде Москва, Санкт-Петербург, Уфа қалаларында жақсы дамыған. Елімізде Алматы, Талдықорған қалалрында орындары бар.

Буккроссинг арқылы қазақ кітаптарын азат ететін кез де келді. Іске сәт!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: