Оқы, оқы және оқы
04/12/2023, 10:15

ОҚЫЛМАҒАН КІТАПТЫҢ ПАЙДАСЫ

Көп үйге қонаққа барғанда бөлме бұрышындағы сөреде жиналып тұрған кітаптарға көзіміз түседі. Әңгіме барысында олардың оқылмай, сән үшін жиналып тұрғанын да білеміз түбінде. Қазір осы үрдіс сәнге айналған. Мұны біраз үйден әлі де кездестіруге болады. Бұл кітаптардың жылдар бойы беті ашылмайды.

Кітапты барлығымыз оқуға әрекеттенеміз, ұнатамыз, оқуымыз керек деп қоямыз. Бірақ ,өкінішке қарай, оқымаймыз.

Жапондар жиналып тұрған кітаптардың да пайдасы бар екенін айтады. Оларда «цундоку» деген ұғым бар.

Цундоку – адамның кітапты сатып алып, бірақ оны оқымайтынын сипаттайтын жапон сөзі. Бұрын қайсыбіріміз де кітаптың мұқабасына қызығып, сатып алатын едік. Сонда кітаптар оқылмай жиналып қалатын. Сол кітаптар көзімізге түскен сайын, оқымағанымыз үшін өзімізді кінәлі сезінетінбіз. Бірақ «антикітапхана» ұғымы біздің оқылмаған кітаптарға деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертті. Сөйтсе, оқылмаған кітаптың да, оқылмаған кітап сияқты, пайдасы тиеді екен.

Антикітапхана – оқылмаған кітаптардың жиынтығы. Бұл ұғым Нассим Талебтің «Қара аққу» кітабында алғаш рет жазылды. Мұнда ол жазушы Умберто Эконың кітапханасы жөнінде баяндайды:

«Умберто Эко – шығармалары көптеген елге тараған танымал жазушы. Оның жеке кітапханасында 30000-нан аса кітап болған. Оның кітапханасын көруге келген қонақтар екіге бөлінеді. Бірі «Мәссаған! Кітабыңыз не деген көп! Мынаның қаншауын оқып шықтыңыз?» дейтіндер. Екіншісі кітаптың жұмыс құралы екенін түсінетіндер!

Оқылған кітаптарға қарағанда оқылмаған кітаптар аса маңызды. Шын мәнінде сіздің ақылыңыз кеңейген сайын, оқылмаған кітаптарыңыз көбейе береді. Оқылмай жиналып тұрған кітаптарды «антикітапхана» деп атайды. Француз жазушысы Умберто Эко үшін жеке кітапхана – зерттеу құралы.

Антикітапхананың мақсаты – өзіңізге қызық тақырыпқа арналған кітаптар коллекциясын жинау. Ол деген сіздің білетініңізді емес, білгіңіз келетін ақпараттардың жиынтығы.

Антикітапхана – сіздің көп нәрсені білмейтініңізді еске салып тұратын кітапхана.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 64 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: